ББ сипаттамасы

«6В01508 – Математика және информатика»
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мақсаты: инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттайтын, кәсіби саласы бойынша жүйелі білімге ие жоғары білікті математика және информатика мұғалімін дайындау.
Оқыту нәтижелері:
Білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін түлек:
- айнымалы шамалардың дифференциалдық және интегралдық есептеулерін, дифференциалдық теңдеулерді шешу әдістерін, кеңістіктер теориясын, алгебра мен геометрияның теориялық негіздерін есеп шығаруда қолданады;
- математика курсының стандартты және стандартты емес, логикалық және статистикалық, қолданбалы есептерін шеше алады;
- информатиканың теориялық негіздерін, микропроцессорлық және операциялық жүйелерді дамыту бағыттарын, мәліметтер базасын құру принциптері мен жұмыс әдістерін, бұлтты есептеулер мен платформалардағы дизайнның негізгі әдістерін сипаттайды;
- бағдарламалау тілдерін, сандық технологияларды, аппараттық және бағдарламалық құралдарды, күрделі алгоритмдерді есептеуді, білім беру қосымшаларын қолданады;
- математика және информатиканы оқыту әдістерін, есептерді шешудің жолдарын, сандық білім беру ресурстарын, инклюзивті білім беру жүйесін, бағалау жүйесінің критерилерін тиімді қолданады;
- жалпы физика заңдарын қорытуды, физикалық идеялардың дұрыстығын, физикалық тұрақтыларды зертханада, физикалық есептердің шешу жолдарын дәлелдейді;
- Ұлы даланың құндылықтарын, психология мен педагогиканың теориялық негіздерін сыни тұрғыдан қолданады; оқу-тәрбие жұмысын жоспарлап жүргізе алады;
- оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектеп гигиенасын, экологиялық құзіреттілігін қалыптастыру әдістері мен қағидаттарын, кәсіпкерлік қызметтерін, жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеттерін меңгерген;
- мектептегі ғылыми зерттеу-жұмыстарды, академиялық жазуды, әдебиеттермен жұмыс жасауды, математика және информатика саласында ұйымдастыруға қабілетті.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502