ББ сипаттамасы

«6В01509 – Физика және Информатика»
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мақсаты: пән саласында және орта білімнің жаңартылған мазмұны жағдайындағы оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері аясында білікті физика және информатика мұғалімін дайындау.
Оқыту нәтижелері:
Білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін түлек:
- жалпы және теориялық физика заңдарын, жоғары математиканың заңдылықтарын, аспан денелерінің табиғатын сипаттайды, физикалық құбылыстар мен процестерді талдайды;
- физикалық құралдармен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады; күрделі есептердің шешімін таба алады, алынған деректерді есептеп, өңдеп және талдай алады;
- бағдарламалау тілдерінің құрылымын, бағдарламаны құруда сандық технологияларды меңгереді, аппараттық және бағдарламалық құралдармен жұмыс; заманауи бағдарламаларды қолдана отырып күрделі алгоритмдерге есептеулер жүргізеді, білім беру қосымшаларымен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады;
- информатиканың теориялық негіздерін, микропроцессорлық және операциялық жүйелер даму бағыттарын, деректер базасын құру принциптерін, жұмыс істеу әдістерін меңгереді. Бұлтты есептеулер мен платформаларда жобалаудың негізгі әдістерін сипаттайды;
- физика және информатиканы оқыту әдістерін меңгерген, есептерді шешу жолдарын анықтайды; цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолданады, инклюзивті білім беру жүйесінде жұмыс жасай алады, бағалау жүйесінің критерийлерін ажырата алады;
- жас ерекшеліктерін ескере отырып, экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру әдістері мен қағидаттарын, психология мен педагогиканың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік қызметтерін, жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеттерін меңгерген;
- Ұлы Даланың рухани құндылықтары сыни тұрғыдан қолданады; сыныптан тыс жұмыстарды және оқу тәрбие жұмысын жоспарлап жүргізе алады;
- кәсіби білім саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, оқушылардың ғылыми жобаларын жазу және әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын дамытады;
- білім алушылардың мақсатты тілдерде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлеуге бейімделуі үшін жағдай жасайды;

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502