ББ сипаттамасы

«6В01503 – Информатика»
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мақсаты: инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттайтын, кәсіби саласы бойынша жүйелі білімге ие жоғары білікті, бәсекеге қабілетті информатика мұғалімін дайындау.
Оқыту нәтижелері:
Білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін түлек:
- информатика, іргелі математика, заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы теориялық білімдерді таратады;
- компьютерлік жүйелердің архитектурасы, операциялық жүйелер, деректер қорын жинақтау мен талдау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мобильді қосымшаларды құруда практикалық дағдыларын жүзеге асырады;
- информатиканы оқыту әдістемесін, физикалық есептерді шешу жолдарын, бағдарламалау тілдерінің құралдарын, технологиялары мен әдістерін, критериалды бағалау әдістерін, инклюзивті білім беру негіздерін меңгергендігін көрсетеді;
- оқушылардың жас және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, психология мен педагогиканың теориялық негіздерін жұмыста қолданады, тәрбие жұмысын жоспарлай және жүргізе алады;
- ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, цифрлық білім беру ресурстарын, компьютерлік желілер мен бұлтты технологиялардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін, смарт-технологияларды, қашықтықтан оқыту технологияларын қолданады;
- мектеп жасындағы балалардың мақсатты тілдердегі қарым-қатынасқа бейімделуі үшін жағдай жасайды;
- роботтық жүйелердің нобайын жобалауда, 3D моделдеу принциптерін, мультимедиалық және виртуалды білімдік ресурстарды жобалауда оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқару, кәсіби салада зерттеу жүргізу дағдыларын көрсетеді;
- қоршаған орта сапасын басқару принциптерін, басқаруды ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесінің негізгі ұғымдарын және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік жолдарын біледі және қолданады.

 

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502