ББ сипаттамасы

«6В01101 – Педагогика және психология»
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мақсаты: кәсіптік қызметті жүзеге асыруға қабілетті, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етуге және сүйемелдеуге, білім алушылардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, еңбек нарығының өзгермелі талаптарына бейімделген, жоғары білікті педагог-психологтарды дайындау.
Оқыту нәтижелері:
Білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін түлек:
- педагогика мен психологияның теориялық негіздерін, сондай-ақ компетентті және көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін аралас пәндерді меңгереді;
- педагогикалық және психологиялық міндеттерді шешудегі тәжірибелік дағдыларды көрсете алады;
- зерттеудің негізгі нәтижелерін дайындау және ұсыну мақсатында жалпы әдістемені, ғылыми-педагогикалық зерттеулерді жүргізу және академиялық жазу дағдыларын меңгереді;
- білім беру мекемесінің оқу-тәрбие үдерісін сүйемелдеуді ұйымдастыруда педагогика және психология негіздерін пайдалана алады;
- инклюзивті білім беруді, ШЖМ, орта білімнің жаңартылған мазмұнын, оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалануды, критериалды бағалау технологияларын ескере отырып, оқу-тәрбие процесін сүйемелдеу дағдыларын көрсете алады;
- Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасын біледі және қолданады;
- тұтас педагогикалық процестің жағдайын бағалайды, басқару бойынша қызметті жобалайды, академиялық адалдық мәдениетін және маңыздылығын түсінеді.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502