ББ сипаттамасы

«6В01501 – Математика»
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мақсаты: пән саласында және орта білімнің жаңартылған мазмұны жағдайындағы оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері аясында білікті математика пәні мұғалімін даярлау.
Міндеті: қоғамның әлеуметтік тапсырысы мен әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес математика мұғалімдерін сапалы даярлауды қамтамасыз ету.
Оқыту нәтижелері:
Білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін түлек:
- айнымалы шамалардың дифференциалдық және интегралдық есептеулерін, дифференциалдық теңдеулерді шешу әдістерін, кеңістіктер теориясын, алгебралық теорияның негіздерін, салыстырулар теориясын есеп шығаруда қолданады;
- геометрияның негізгі теоремаларын, кеңістіктегі құбылыстар мен процестердің моделдерін, қисықтар мен беттер теориясын дәлелдейді;
- элементар математиканың стандартты және стандартты емес, логикалық және статистикалық, қолданбалы есептерін шеше алады;
- жалпы физика заңдарын қорытуды, физикалық идеялардың дұрыстығын, математикалық және физикалық тұрақтыларды зертханада, интегралдау арқылы физикалық есептердің шешу жолдарын дәлелдейді;
- математиканы оқыту әдістерін, есептерді шешудің жолдарын, сандық білім беру ресурстарын, инклюзивті білім беру жүйесін, бағалау жүйесінің критерилерін тиімді қолданады;
- Ұлы даланың құндылықтарын, психология мен педагогиканың теориялық негіздерін сыни тұрғыдан қолданады; оқу-тәрбие жұмысын жоспарлап жүргізе алады;
- оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектеп гигиенасын, экологиялық құзіреттілігін қалыптастыру әдістері мен қағидаттарын, кәсіпкерлік қызметтерін, жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеттерін меңгерген;
- мектептегі ғылыми зерттеу-жұмыстарды, академиялық жазуды, әдебиеттермен жұмыс жасауды, математика саласында ұйымдастыруға қабілетті.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502