Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл

Prorektor2

Темірбеков Нұрлыхан Мұқанұлы

    Темірбеков Нұрлыхан Мұқанұлы, 1982 жылы 26 ақпанда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Абай ауылында дүниеге келген.
Нұрлыхан Мұқанұлы 2003 жылы әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (ҚазҰУ) механика және математика факультетінің «Механика» мамандығын үздік бітірді.
2005 жылы аталған университеттің «Механика» мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдады және оған магистр академиялық дәрежесі берілді.
2010 жылдың 29 қаңтарында «05.13.18 - Математикалық үлгілеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені» мамандығы бойынша «Тұтқыр газдың теңдеулерін тиімді сандық әдіспен шешу» тақырыбында техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысын қорғады.
2005 жылдың қыркүйегінен бастап 2007 жылдың тамызына дейін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушы-стажер.
2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың желтоқсанына дейін - оқытушы, 2010 жылдың қаңтарынан С.Аманжолов атындағы ШҚМУ математика кафедрасында - аға оқытушы.
2010 жылдың қыркүегінен 2011 жылдың маусымына дейін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ информатика кафедрасының меңгерушісі.
2011 жылдың шілде айынан бастап 2017 жылдың желтоқсанына дейін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы болған.
ҚР БжҒМ тапсырысы бойынша бірнеше мемлекеттік бюджеттен және тұрмыстық шарттық тақырыптарды орындауға қатысып ғылыми жұмыстарды жасаған;
«Шығыс Қазақстан облысының экологиялық бағдарламаларды басқару басқармасы» МБ;
«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының департаменті» МБ, әль-Фараби атындағы ҚазҰУ математика және механика ҒЗИ.
Нұрлыхан Мұқанұлы 30-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылады.

Жұмыс телефоны: 8-71430-70620

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Кабинет: 209

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502