Image

Оқу және ғылыми зертханалар

«6В01504 – Химия», «6В01505 – Биология», «6В01510 – Химия және Биология», «6В01512 – Биология және География» білім беру бағдарламалары бойынша алты арнайы оқу зертханалары бар. Оқу зертханалары жоғары сапалы оқу процесін жүргізу үшін тиісті жабдықтармен жабдықталған.

Бейорганикалық, аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия зертханасы (503 аудитория). Зертханада катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар жүргізу, титрлеу, сандық термохимиялық талдау, буферлі ерітінділерді дайындау, жалпы кермектілік пен сілтілікті анықтау, сульфат иондары мен хлорид құрамын зерттеу сияқты зертханалық жұмыстар жүргізіледі. Зертхана келесі құралдармен жабдықталған: татрпа шкафтары, зертханалық столдар, муфель пеші, техникалық таразы, эксикатор, электронды таразы, фотометр, центрифуга, аэрометр, рН-метр, кептіргіш шкаф, дистиллятор, фотометр ЗОМЗ КФК-3-01және т.б.

Химиялық технология, органикалық және биологиялық химия зертханасы (531 аудитория). Бұл зертханада химиялық реакциялардың жылдамдығы, органикалық заттардың ерітіндісі және химиялық заттардың қасиеттерін зерттеу, сонымен қатар жоғары молекулалық қосылыстар мен олардың қасиеттерін анықтау үшін әртүрлі концентрациялы ерітінділер алуға болады. Зертхана келесі құралдармен жабдықталған: магнитті араластырғыш, фотометр, иономер, газ өлшегіш, түзеткіш, ерітінділердің электр өткізгіштігін анықтайтын құрылғы, электронды таразы және т.б.

Ботаника зертханасы (403 аудиториясы). Бұл зертхана «Өсімдіктер биологиясы», «Адам анатомиясы және физиология негіздері» және «Биологиялық экология және көптүрлілік» пәндерінен зертханалық және практикалық жұмыстар жүргізуге арналған. Студенттер зерханада сандық микроскоптар, дайын ылғалды препараттар, гербарийлердің 300-ден астам түрлері, оқулықтар, түрлі тұқым және жемістер жинақтары, иллюстрациялық материалдар, барельефті плакаттар мен модельдер көмегімен өсімдіктердің анатомиялық, морфологиялық және физиологиялық сипаттамаларын зерттейді, жүйеленуі мен тіршілік ету ортасын, қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі мен таралу жолдарын анықтайды.

Зоология зертханасы (504 аудитория). Зертханада «Жануарлар биологиясы» және «Адам анатомиясы және физиология негіздері», «Биологиялық процестерді оқыту әдістемесі»  сияқты пәндерді оқыту үшін пайдаланылады. Зертханадағы қол жетімді зоологиялық препараттар және цифрлық зертхана омыртқасыз жануарларды жинау, жануарлар денесінің жекелеген бөліктерінің микроскопиялық кескіндеу, абиотикалық факторлардың макро- және микрозообентоздардың түрлер құрамына, амфибиялардың эмбриональды және постэмброндық дамуына әсері және т.б. ғылыми-зерттеу мен зертханалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл аудиторияда студенттер қаңқа, сүйектер, бұлшық еттер, ас қорыту, тыныс алу және тірі ағзалардың басқа да жүйелерін зерттейді, сонымен қатар дайын микропрепараттармен ғана емес, оқытушының жетекшілігімен оларды дайындауға тікелей қатысады.

Адам және жануарлар анатомиясы мен физиологиясы зертханасы (507 аудитория). Биологиялық динамометр, глюкометр, микроскоп, Горяев камерасы, түрлі қаңқа түрлері, дайын препараттар, барельефтік плакаттар, муляждар мен модельдер сияқты зертханалық жабдықтар «Адам анатомиясы және физиологиясы негіздері», «Эволюциялық ілім» сияқты пәндерді сапалы оқытуыға ықпал етеді. Студенттер адам ағзасының құрылымын, оның жеке дамуын (онтогенезін), филогенезін, организмге сыртқы факторлардың әсерін, адам мүшелері жүйелерінің физиологиялық қызметтерін, оның бейімделу шарттарын, ішкі секреция бездерінің жұмыс істеу механизмдерін, сонымен қатар адам ағзасының гормоналды реттелу механизмдерін зерттейді.

Микробиология және биотехнология зертханасы (530 аудитория). Зертхана микробиология және биотехнология саласындағы зертханалық және эксперименттік зерттеулерді жүргізуге арналған. Құрғақ ауа термостаты, су моншасы, кептіру шкафы, бактерицидті шамдармен жарақталған микробиологиялық егістер жүргізуге арналған стерильді бокс, автоклав, сандық тринокулярлық микроскоп және басқа да жабдықтар «Микробиология», «Молекулалық биология»  және «Биотехнология» пәндерін сапалы оқуға қажетті. Бұл зертхана термостат, автоклав және т.б. құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға және бекітуге арналған.

 

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502