«Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Ұлттың ұлы ұстазы Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл

Ұлттың ұлы ұстазы, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы- этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл.Ұлы тұлғаның мол мұрасын жаңаша қырынан тану мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында «Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Арқалық педагогикалық институтының Басқарма Төрағасы - Ректор Сейтбек Бекенұлы Қуанышбаев конференцияны ашып, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. Ұйымдастырылған конференцияның алғашқы бөлімі қала әкімдігінің қатысуымен ұлы тұлғаның мүсініне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.
Шараға республиканың педагогтері мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті, Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайы басшысының орынбасары, ыбырайтанушы-зерттеушілер, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеттерінің профессорлары және де Түркия елінің Мугла Сыткы Кочман университетінің профессоры, құрметті қонақтар қатысты.
Конференцияның мақсаты - Ыбырай мұрасын, оның шығармашылық қызметін, бала оқыту мен тәрбиелеудегі әдістерін зерттеп, идеяларын білім беру саласында бүгінгі күні іске асыру, сондай-ақ, оның өшпес ілімі мен өнегелі мұраларын жас ұрпаққа дәріптеуге бағытталды. Республиканың түкпір-түкпірінен, шет елдерден бірнеше ғылыми мақалалар келіп түсті.
Ұлы тұлғаның өміріне қатысты тың деректер, педагогикалық мұрасының тәрбиелік мәні, еңбектері талданып, пікір алмасып, талқыланды. Конференция жалғасы «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында дөңгелек үстелге ұласты. Оған Арқалық қаласының білім бөлімі, Арқалық педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы, колледж басшылары, Ы.Алтынсарин атындағы қалалық гимназия және білім алушылар қатысты.

20102021

 

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502