Студенттік ғылым 2017-2018 жыл

Институт кафедраларында 293 - студентті қамтитын 15 ғылыми топ жұмыс жасайды, олар: «Лингво», «Тезаурус», «Химия және өмір», «Биология – тіршілік көзі», «География және экология», «Өркен», «Алгорифм», «Ізденіс», «Паскаль»,«Архимед», «Қазақстан тарих, құқық және экономика негіздері» кафедрасының жанындағы студенттік ғылыми үйірмесі, ««Сырлы бояу», «Дәстүрлі халық әні», «Сәндік-қолданбалы өнер» , «Жеңіс».
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық, жаратылыстану ғылымдары бойынша жыл сайынғы республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауына кафедра ПОҚ-ның ғылыми жетекшілігімен қатысқан студенттер көрсетілген.
Мысалы, 2015 - 2016 оқу жылында 35 жұмыстан, 10 жүлделі орын - 28,57%, 2016-2017 оқу жылында 30 жұмыстан – 11 жүлделі орын, 1 – ҚР БҒМ алғыс хат, нәтижелілігі 40%-ды құрады, 2017-2018 оқу жылында 20 жұмыстан – 7 жүлделі орын, нәтижелілігі 35 %-ды құрады.
Ағымдағы оқу жылы Тұңғыш Президент Қоры атындағы «Болашақтың ғалымдары» атты жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік - гуманитарлық бағыттары бойынша студенттердің үздік ғылыми жұмыстарының Республикалық сайысына кафедра студенттері қатысты. Институт бойынша барлығы І – институтішілік кезеңде 10 ғылыми – зерттеу жұмыстары тыңдалып, Тұңғыш Президент Қоры атындағы Республикалық сайысқа барлық 10 ғылыми – зерттеу жұмыстары жолдама алды.
2015 - 2016 оқу жылында 31 жұмыстан, 1 жүлделі орын - 3,2%, 2016-2017 жылы 10 жұмыстан – 1 жүлделі орын, 10%- ды құрады. 2017-2018 жылы 10 жұмыстан – 1 жүлделі орын, 10%- ды құрады. Сайыс қорытындысында Математика және физика кафедрасының М-31 тобының студенті Мерекеқызы Эльмира «Geogebra бағдарламасын мектеп курсында Виет теоремасын оқытуда қолдану жолдары» тақырыбымен Тұңғыш Президент Қоры атындағы «Болашақтың ғалымдары» атты жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік - гуманитарлық бағыттары студенттердің үздік ғылыми жұмыстарының Республикалық сайысының жеңімпазы аталды (ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Джакетова С.Ж).

 

 

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502