2024-2025 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс өткізу туралы хабарлаймыз


Құрметті студенттер! «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ Ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің «2024 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға арналған орындар санын бекіту туралы» 2024 жылғы 15 ақпандағы №62 бұйрығына сәйкес игерілген білім беру оқу бағдарламаларын кредиттер түрінде міндетті түрде қайта есептей отырып, академиялық ұтқырлық (бакалавриат) шеңберінде бір семестрге оқуға арналған конкурс жариялайды.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық шеңберінде конкурсқа қатысуға құжаттар беру институт пен шетелдік әріптес жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Критерийлер:
• GPA деңгейі – 2.5
• ағылшын тілі деңгейі – В2 деңгейінен төмен емес *

Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2024 жылғы 29 наурыз.
Өтініш пен құжаттарды ғылыми-зерттеу орталығына (№209 кабинет) ұсыну қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:
• білім алушының нысан бойынша өтініші;
• төлқұжаттың көшірмесі;
• ағымдағы оқу жылындағы үлгерім туралы транскрипт (орыс және ағылшын);
• шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (бар болса);
• толтырылған сауалнама;
• академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға жіберуге үміткердің ата-аналарының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі;
• таңдау бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсыным хаттар (бар болса);
• республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараға қатысқаны үшін алынған таңдалған оқу бағыты бойынша грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (бар болса);
• мынадай санаттағы тұлғаларға жататындығын растайтын құжаттардың көшірмелері: отбасы құрамы туралы құжат, студенттің көп балалы отбасын растайтын құжат, студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін), студенттің мүгедектігін растайтын құжат.
Бұдан басқа, Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ ғылыми-зерттеу орталығында серіктес ЖОО мен пәндер тізімімен алдын ала танысуды сұраймыз. Білім беру бағдарламаларының жетекшілерімен сіз таңдаған пәндердің тізімін оқу бағдарламаңызбен келісіңіз.
Сұрақтар туындаған жағдайда ғылыми-зерттеу орталығына электрондық пошта арқылы хабарласыңыз Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. немесе № 209 кабинетке келіңіз.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502