Altynsarin institute-ның профессор-оқытушылар құрамы марапатталды

Altynsarin institute-ның профессор-оқытушылар құрамы марапатталды

Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-да кеңейтілген ғылыми кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде «Педагогикалық форум өткізуге дайындық шаралары» туралы Зерттеу және стратегиялық даму жөніндегі проректор м.а Ж.Б.Байсеитованың, «АрқПИ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысы» туралы Комплаенс-офицер З.Н.Батырованың ақпараты, «Республикалық пән олимпиадасына студенттер ұсыну» туралы «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының жетекшісі Б.А.Рахметованың ақпараты тыңдалды.

Сонымен қатар, 12 сәуір – Ғылым күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің марапатын келесі профессор-оқытушылар құрамы иеленді:

«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін Altynsarin institute-ның құрметті профессоры Колдасбаева Зина Шакировна;

Жоғары білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қосыпп, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Құрмет грамотасын:
Байзакова Сауле Связхановна – Информатика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және робототехника ББ жетекшісі;
Байсеитова Жанар Байсеитовна – Ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі;
Дуйсебекова Айсауле Есенгазиновна – Педагогика және психология факультетінің аға оқытушысы;
Қара Әсел Бейсенбайқызы – Педагогика және психология факультетінің аға оқытушысы;
Нурханов Маргулан Абилбекович – Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің оқытушысы.

Алғыс хатты:
Амиров Марал Сапабекович - Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің аға оқытушысы;
Бакирова Жамиля Махсудовна - Педагогика және филология факультетінің оқытушысы;
Жамитова Асия Абдигазиевна – Музыкалық білім, Көркем еңбек, графика және жобалау ББ жетекшісі;
Жармагамбетов Ербол Ербатырулы – Тарих және өнер факультетінің аға оқытушысы;
Нүркенова Әйгерім Дауылбайқызы – Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің аға оқытушысы;
Нұрсали Қуаныш Сабыржанұлы – Педагогика және филология факультетінің аға оқытушысы;
Смаилова Гүлдана Сәрсенбайқызы – Педагогика және филология факультетінің аға оқытушысы.

Барлық марапат иелерін құттықтаймыз!

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502