«Заманауи тәсілдер және білім мен ғылымның өзекті мәселелері» тақырыбында «Төлегенов оқулары-2020» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (10 сәуір)

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында 2020 жылдың 10 сәуірінде қашықтықтан физика және математика кафедрасының ұйымдастыруымен «Заманауи тәсілдер және білім мен ғылымның өзекті мәселелері» тақырыбында «Төлегенов оқулары-2020» дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция тақырыбы өте өзекті және маңызды, өйткені барлық деңгейдегі білім беру сапасын арттыру, білім алушылардың сапасын бағалау жүйесін жетілдіру, педагогикалық білім беруді жаңғырту, білім беру жүйесін цифрландыру сияқты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу мүмкіндігі туды.
Конференцияда келесі секциялар бойынша жұмыс жүргізілді:
1. Жаратылыстану пәндеріндегі сандық білім беру жүйесі
2. Білім берудің гуманитарлық мәселелері мен даму болашағы
Конференция қорытындысы бойынша ғылыми еңбектердің электронды жинағы жарық көрді. Конференция материалдарының жинағына 100-ден астам ғылыми мақалалар енгізілді. Қатысушылар географиясына Ресей, Германия, Украина, Венгрия және Қазақстанның оқу орындарының ғалымдары кіреді.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502