«Абай әлемі» халықаралық ғылыми-практикалық конференция (9 қазан 2020 жыл)

репЫбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай әлемі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференция Абайдың рухани мұрасының педагогика саласындағы маңызы мен рөлін ғылыми тұрғыда саралау мақсатында қашықтан өткізілді. Онлайн іс-шара ұлы ақынның 175 жылдығына орайластырылған. Конференцияда Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының ректоры г.ғ.д. Сейтбек Қуанышбаев құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараға Оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры т.ғ.к. Нұрлыхан Темірбеков, «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің деканы ф.м.ғ.к.,доцент, Әбілхан Үмебтұлы, «Педагогика және филология» факультетінің деканы ф.ғ.к. Айбек Қалиев, «Тарих және Өнер» факультетінің деканы ф.ғ.к. Гүлбаршын Спанқызы және профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Пленарлық отырысқа Түркиядағы Абайтанушы Екрем Аян «Бір ғасырдың айнасы –Абай Құнанбаев және қара сөздер»; «Дулат және Абай: Дәстүр сабақтастығы» атты баяндамасымен Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «Журналистика» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Серікзат Дүйсенғазин; Абай мен Ахметтің үндестігі жайында Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының аға оқытушысы, магистр, АрқПИ доценті Ардақ Абдуллина қатысты.
Халықаралық конференцияны өткізу аясында әр түрлі бағыттар бойынша 2 секция жұмысы ұйымдастырылды:
1. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде Абайдың рухани мұрасын оқыту мәселелері.
2. Абай тағылымы және қазіргі педагогика ғылымы
Аталған конференция Абайдың рухани мұрасының педагогика саласындағы маңызы мен рөлін ғылыми тұрғыда саралау бойынша пікір алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған пікірталас алаңына айналды. Конференция қорытындысы бойынша ғылыми еңбектердің электронды жинағы жарық көрді. Конференция материалдарының жинағына 50-ден астам ғылыми мақалалар енгізілді.

1

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502