Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының құрметті профессоры атағы берілді

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының құрметті профессоры атағы берілді

2024 жылдың 15 наурыз күні Altynsarin institute-да кеңейтілген ғылыми кеңес отырысы өтті.

Ғылыми кеңес шешімімен «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының құрметті профессоры» атағын төмендегі оқытушылар иеленді:
Колдасбаева Зинаида Шакировна – «Орыс тілі мен әдебиеті, Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 50 жыл.
Абдуллина Ардақ Амирхановна – «Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 36 жыл.
Қонысбаев Қанат Болатұлы – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының оқытушысы, «Барыс» спорт клубының жетекшісі. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 33 жыл.
Шакирова Катира Мирамовна – «Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 33 жыл.
Қалиев Айбек Киікбайұлы – «Педагогика және филология» факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 26 жыл.
«Құрметті профессор» атағына ғылым докторы, PhD докторы, ғылым кандидаты, ғылыми дәрежесі және ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, оның ішінде институтта жұмыс өтілі кемінде 15 жыл, оның дамуына, байланыстарын нығайтуға елеулі үлес қосқан тұлғалар ұсынылады.

Айта кетейік, «Құрметті профессор» атағы институттың бұрынғы немесе жұмыс істейтін оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерінің, мемлекет қайраткерлерінің, ірі бизнес өкілдерінің, ғылымның, мәдениет пен білімнің еңбек сіңірген қызметкерлерінің ерекше еңбегін, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік азаматтардың институттағы білім беру, ғылыми, шығармашылық, қоғамдық және халықаралық қызмет саласындағы сіңірген еңбегін тану мақсатында құрылады.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502