Altynsarin institute жастар ұйымдарының халықаралық семинар-жиынына қатысты

Altynsarin institute жастар ұйымдарының халықаралық семинар-жиынына қатысты

Павлодардағы Toraighyrov university-де «Жастар қуаты – табысты келешекке бір қадам» атты жастар ұйымдарының халықаралық семинар-жиыны өтті.

40-қа жуық жоғары оқу орнынан және алыс-жақын шетел университеттерінен 200-ден астам адам бас қосқан жиынға жастар саясаты саласындағы жетекші сарапшылар, студенттер, Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері куә болды.
Ал, Altynsarin institute-нан аталмыш семинарға «Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты» орталығының жетекшісі Батырова Зульфия Николаевна және «Тарих және өнер» факультетінің студенті, «Ақиқат» дебат клубының төрайымы Болатова Жазира Әлібекқызы қатысты.

Германияның Анхальт университеті, Палацк университеті және Баку Славян университеттерінің қонақтары бой көрсеткен диалог алаңы қатысушыларға жаңа серпіліс сыйлады.
Студенттердің бірлескен жобалары, қоғамдық белсенділігі, академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы талқыланған соң, жастар қаланың көрнекті жерлерін аралады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кесенесі мен аймақтық мұражайларға қанық болған қатысушылар достық қарым-қатынастарын бекіте түсті.
Сонымен қатар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан жастарды әлеуметтендіру және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы спикерлік етті.
Семинар-жиын соңында тақырыптық секцияларға қатысқандарға арнайы сертификат табыс етілді.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502