Қар суының қауіпін сейілтуге Altynsarin institute көмек беруде

Қар суының қауіпін сейілтуге Altynsarin institute көмек беруде

Арқалық қаласында 27-ші наурыздан бастап еріген қар суынан халықтың тұрғылықты үйлеріне су кіріп, баспанасын босатуына тура келіп отыр. Ауылдық аймақтардағы үйлердің іргетасы еріп, үйдің іші суға толып, қала тұрғындарын әбден әбігерге түсірген.

28 наурыз қалада төтенше жағдай жарияланып, құтқарушы мобильдік топтар жасақталды. Табиғи апаттың құрсауынан халықты босату үшін Altynsarin institute-ның ұжымы да еріктілік қызметтерін бастады.

«Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің деканы Әлібек Ескермесұлы бастаған бір топ оқытушылар Северный ықшам ауданы, Элеваторная 31 көшесіндегі суға толған үйлерге көмектесті.

Сонымен қатар, күні кеше «Тарих және өнер» факультетінің оқытушылары мен студенттері қар тазалау, үй мүлкін, жиһаздарды тасымалдау жұмыстарына жәрдем берді.
Еріктілер тобы су тасқыны кезінде тұрғындардың іс-әрекетіне дұрыс жадынама жұмыстарын жүргізіп, маңызды құжаттарды жинақтауды ескертті.

Айта кетейік, тілсіз жауды ауыздықтау үшін Төтенше жағдайлар департаменті, жоғары және арнаулы оқу орындарының ерікті өкілдері, Қостанай облысы және Қарағанды қаласынан қосымша көмек қолдары жұмылдырылған.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502