Наурызнама: студенттер үйінде

Наурызнама: студенттер үйінде

Altynsarin institute-ның №1 және №2 Студенттер үйінде «Наурыз – мейрамдардың сұлтаны» атты мерекелік кеш өтті.

Жатақханадағы студенттердің ұйымдастыруымен жүзеге асқан мерекелік шараға «Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты» орталығының жетекшісі З.Н.Батырова мен әдіскерлер және студент үйінің меңгерушілері мен тәрбиешілер қатысты.
Шарада көрісу, қайырымдылық, мәдениет және ұлттық салт-дәстүр, шаңырақ, ұлттық киім, жаңару, ұлттық спорт, ынтымақ, тазару күндері кеңінен насихатталды.

Студенттер ұлттық дәстүрлерді сахналап, ән-жырдан шашу шашты. Күмбірлете күй ойнап, мың бұрала би биледі. Дәстүрлі тағамдардан дәм ұсынып, ұлы мерекенің салтанатты бағдарламасын белсенді жүргізді. Қатысушылармен дәстүр сабақтастығы туралы сұрақ-жауап өткізіп, сый-сыяпат ұсынды.
«Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты» орталығының жетекшісі З.Н.Батырова: «Наурыз – береке-бірліктің, шынайы жанашырлықтың және өзара қамқорлықтың мейрамы. Студенттердің ұйымшылдығы көрініс берген бұл думанды жиын жоғары дәрежеде өтті», – деді, өз сөзінде.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502