«Қандай оқу орны болсын, басты нысаны – оқушыларға саналы білім, салиқалы тәрбие беріп, оларды еңбекшіл етіп тәрбиелеу» - деп алаш ардақтысы А.Байтұрсынов айтқандай студенттерге сапалы білім беруде Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының, химия, биология және география кафедрасының оқытушыларыда шығармашылық деңгейде жұмыс атқарып келеді.

Оның айғағы кафедра бойынша өтілетін қызықты іс-шаралар. Солардың бірі жыл сайын апталық аясында өтілетін «Жас жаратылыстанушы» интеллектуалды сайысы. Сайысқа география, биология, химия мамандықтарының 2 курс студенттері қатысты. Сайыс V кезеңнен тұрды. Атап айтсақ, «Таныстыру», «Маманның білгірі», «Тәжірибелік іскерлік», «Денсаулық формуласы», «Топ басшылар» сайыстары. Сайыс барысында студенттер өздерінің білім деңгейлерін көрсетіп, тапқырлық пен іскерліктерін дәлелдей білді. Сайыс өте қызықты,тартымды өтті. Сайыс қорытындысы бойынша «Жас жаратылыстанушы» атағын биология мамандығының студенттері жеңіп алды. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» - деп ғұламаларымыз айтқандай кафедра оқытушылары қызықты кештер, тәрбиелі сынып сағаттарымен қатар пәндік олимпиадаларды өткізуге де көп көңіл бөледі. Оның дәлелі биыл өткен Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында «Химия» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің IV Республикалық пәндік олимпиадасында аталған кафедраның 4 курс студенттері Асипова Ақерке, Дулыбаева Меруерт, 2 курс студенті Жұмабеков Жәнібек қатысып, 13 ЖОО (жоғарғы оқу орындарының) арасында командалық есеп бойынша институт тобы гран-приді жеңіп алды (суретте). Жеке есеп бойынша 4 курс студенті Дулыбаева Меруерт гран-приді иеленді.

Х.ғ.д., профессор Күзембай Қ.К. олимпиада жеңімпаздарымен Республикалық олимпиадаға студенттерді институттың кафедра меңгерушісі х.ғ.к.Масалимова Б.Қ. басқарып барды. Кафедра оқытушылары мен команда мүшелерін ғылыми жұмыстағы толағай табысы олардың ізденгіштігі мен білімге деген ынтасының зор екендігін көрсетеді. Осындай зор жетістіктерге жетуіміз оқытушылар мен студенттердің іскерлік шыңын қалыптастыруға көп көңіл бөліп отырған жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің деканы Антаева А.С. мен кафедра меңгерушісі х.ғ.к.Масалимова Б.Қ. оқу-тәрбие жұмысын шығармашылық деңгейде ұйымдастыра білуінің нәтижесі.

«Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» - деп елбасы Н.А. Назарбаев айтқандай студенттерге сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың қасиетті борышы, дей келіп, институт ұжымын 40 жылдық мерей тойымен құттықтап, елдің ертеңі өресі биік дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын тәрбиелеуде шығармашылық табыс тілейміз.

 

КОНТАКТЫ


Адрес: 110300, г. Аркалык, ул. Ауельбекова, 17
Тел: 8-71430-7-24-88
Приемная комиссия: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ПОДПИШИТЕСЬ