ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, 14 желтоқсан күні, Елбасының «Студенттік баспана» мемлекеттік бағдарламасы аясында Арқалық қаласында студенттік жатақхана ашылды. Жағымды жаңалық Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында басқа жерлерден келіп оқитын студенттерді 100 пайыз жатақханамен қамтамасыз ететін аса маңызды оқиға болды. Биыл қайтадан қалпына келтірілген бұл жатақхана 1994 жылдан бері «тоқтап тұрған» болатын.

     Жатақхананың ашылу салтанатына қаланың құрметті азаматтары, мектептер мен колледждердің директорлары, институттың оқытушылары мен студенттері қатысты. Салтанатты шара Арқалық қаласының әкімі Берік Әбдіғалиұлының құттықтау сөзімен ашылды. Өз сөзінде әкім болашақта ірі жобаларды жүзеге асыратын, еліміздің гүлденуі мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға сүбелі үлес қосатын жастар мәселесіне Елбасының үнемі баса назар аударып отырғанына тоқталды.

     Қала әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен институт ректоры С.Қуанышбаев символикалық лента қию шарасын аяқтағаннан кейін, жатақханаға экскурсия басталды.

     Жаңа жатақхана 248 орынға есептелген. Мұнда студенттердің қолайлы тұрмысына барлық жағдай жасалған. Әр секция душ кабинасымен, дәретханамен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ барлық бөлмелерге қажетті жиһаздар, теледидар, тоңазытқыш қойылған. Әр қабатта үтіктеу бөлмесі, кір жуатын бөлме, ас бөлмесі бар.

     Жатақхананың бірінші қабатында мультимедиялық зал, сабаққа дайындалу бөлмесі, акт залы, оқу залы, кір жуатын бөлме, асхана, медпункт орналасқан.

     Сөз алған студенттер Студенттер үйі үшін мемлекеттің қамқорлығына үлкен алғыстарын білдіре отырып, өздерінің сапалы білімдерімен, қоғамдағы белсенділіктерімен, түрлі жетістіктерімен ел сенімін ақтайтындықтарын мәлімдеді.

 

КОНТАКТЫ


Адрес: 110300, г. Аркалык, ул. Ауельбекова, 17
Тел: 8-71430-7-24-88
Приемная комиссия: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ПОДПИШИТЕСЬ