Мақсат, міндеттер
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты студенттердің «Жүректен жүрекке» қайырымдылық ұйымы.
«Қайырымдылық жасау ол тек қаржылай көмек көрсету емес, ол сені рухани адамгершілігіңнің бір бейнесі. Сөзбен жылу сыйлап, қолмен көмек ет, жүрекпен сезін, ұқ, іспен дәлелде! Бізге қосыл!»
Біздің міндеттеріміз
• Көмекке зәру қоғам мүшелеріне жәрдемдесу үшін қайырымдылық қызметті дамыту жұмыстарына атсалысу
• Қоғамға «ақылды қайырымдылық қызмет» ұғымын кеңінен түсіндіріп. Оның тиімділігін жете ұғындыру
Мақсатымыз
• Қазақстан Республикасының патриот азаматтарының санын арттыру
• Қайырымдылық жұмыстарына бейжай қарамайтын студент жастардың басын қосып, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына, игі істер атқаруына күштерін жұмылдыру
Күтілетін нәтиже
• Әр ұйымның мүшесінің ҚР-ның кез-келген азаматының жасына, азаматтығына, ұлтына, отбасы жағдайына, сол сияқты дене және ақыл-ой қабілетіне қарамастан қамқорлық пен көмек жасауға дайын патриот, мейірімді азамат болу
• Студент кезеңінен үлкен өмірге даярланған, өз ойын және қабілетін айқын білдіре алатын жалынды жастар санын көбейту
Біздің ұстаным
Қайырымдылық жаса, мейірімділік пен жанашырлық таныт. Ол сенің рухани дүниеңді жақсартып қана қоймай, сонымен бірге әлемді жақсы жағына қарай өзгертуіңе мүмкіндік жасайды. Мейірімге құштар жүрекке жылуыңды шаш.