Есептер

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студент-еріктісі Қабдықалық Толғанайдың (ном. 87473340194) 2019 жылдың 15-қарашасынан 13-желтоқсан аралығында «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы аясында МҚБ «Сәби-Арқалық» орталығында атқарылған жұмысы туралы есеп.

 Есеп беру кезеңінде мен 50 сағат көлемінде қарт кісілермен әлеуметтік жұмыс бағытында еріктілік жұмыс жасадым. Еріктілік жұмыс МҚБ «Сәби-Арқалық» орталығында өтті.
 2019 жылдың 15 қарашасында 3 сағат «Сәби-Арқалық» орталығының қарттарымен танысу болды. Танысу жұмысы «Менің есімім.....» тренигі арқылы өтті. Сонымен қатар, қарттардың күнделікті кестесімен таныстым.
 2019 жылдың 18 қарашасында 3 сағат көлемінде еріктілік жұмысымды атқардым. Қарттарды жаттығу залына апарып, түрлі жаттығу жасауға көмектестім. Кейін орталыққа келіп, қарттарды демалдыру мақсатында шай бердім.
 2019 жылдың 19 қарашасында 3сағат көлемінде еріктілік жұмысым өтелді. Кесте бойынша қарт кісілерде еңбек және психология сабағы болды. Еңбек сабағында қарттарға қағаздарды қиюға, желімді пайдалануға көмектестік.
 2019 жылдың 20 қарашасында 3 сағат көлемінде қарттарға интелектуалды ойындар өткіздім, музыкалық аспаптарды қолданып, ретро әндерді айттық.
 2019 жылдың 21 қарашасында 3 сағат көлемінде жұмыс уақытым өтелді. «Балалық шаққа саяхат» атты сұхбат өткіздім. Сұхбат барысында қарт кісілердің өткен өмірі туралы сұрақтар қойылып, кейінге щегініс жасадық. Қарттарға ыстық шай беріп, жұмыс күнім аяқталды.
 2019 жылдың 22 қараша күні 3 сағат көлемінде жұмыс жүргізілді. Бұл күні психология сабағы өтіп, қарттармен түрлі тренингтер өткізілді. Жұмыс күнінің соңында қарттарға шай беріп, қарттарды шығарып салдым.
 2019 жылдың 25 қарашасында  3 сағат қарттармен жаттығу залына барып, зақым алмауын қадағалап, жаттығу жасауға көмектестім. Жаттығудан кейін қарттарға ыстық шай беріп, шығарып салдым.
 2019 жылдың 26 қарашасында 3 сағат жұмыс күнім өтті.Кесте бойынша қарт кісілерде еңбек және психология сабағы болды. Еңбек сабағында қарттарға қағаздарды қиюға, желімді пайдалануға көмектестік. Сабақ аяқталған соң шай беріп, қарттарды үйіне шығарып салдым.
 2019 жылдың 27 қарашасында 3 сағаттық жұмыс күнім өтті. Осы күні қарттарды Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенттерінің ұйымдастырған «Адамзаттың Абайы» атты Абайдың 175 жылдығына арналған кешке апардым.
 2019 жылдың 28 қараша күні Арқалық қаласының орталық мұражайна қарттарды апарып, 3 сағаттық жұмыс күнім өтті. Мұражайда тарихи видеоларды көріп, ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянымен танысып, мұражайды араладық. Мұражайдан кейін қарттарға шай беріп, шығарып салдым.
 29 қараша күні 3 сағат жұмыс барысынла қарттарға ҚР тұңғыш президент күніне орай мерекелік кеш ұйымдастырдым. Кештің өтуіне АрқМПИ студенттері өз үлесін қосты. Мерекелік кеште патриоттық өлеңдер айтылып, дәстүрлі әндер шырқалды.
 Желтоқсанның 3 күні 3 сағаттық жұмыс барысында қарттармен ойындар ойнадық. Ойын мақсаты қарттардың сезім мүшелерін іске қосып, ой өрісін дамыту. Жұмыс соңында шай беріп, үйлеріне шығарып салдым.
  7 желтоқсан күні 4 сағат жұмыс өтті. Гүлзейнеп апаның үйіне барып, үй шаруасына көмектестім. Апамен шай ішіп, өзі туралы қызықты әңгімелерін айтты.
 10 желтоқсан күні 3 сағат жұмыс жасалды. Бұл күні қарттармен «кім жылдам?» атты жылдамдыққа байланысты ойындар ойнаттық. Қарттардың жылдамдығын тексеру мақсатында жеңіл сұрақтар, мақал мәтелдер жасырдым. Жұмыс соңында шай беріп, қарттарды керемет көңіл күймен шығарып салдым.
 Желтоқсанның 12 күні 3 сағаттық жұмыс барысында АрқМПИ-дің ҚР тәуелсіздігінің 28 жылдығына арнап өткізген концерттік бағдарламасына апардым.
 Желтоқсанның 13 күні 4 сағат көлемінде жұмыс жасалды. Соңғы күн болғандықтан қоштасу кеші өтті. Қоштасу кеші қарттардың туған күніне ұласып, жылы тілектер білдіріп, бірі бірімізді қимай қоштастық.   

Адрес: 110300, г. Аркалык, ул. Ауельбекова, 17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Приемная комиссия:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502