VI РЕСПУБЛИКАНСКАЯ СТУДЕНЧЕСКАЯ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ конференция «G-Global – жаһандану алаңы: Ғылым және жастар» (Дедлайн: 05.03.2017г.)

Құрметті студенттер, жас ғалымдар және оқушылар!

  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 2017 жылдың 15-16 наурыз айында өтетін жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша жас ғалымдар мен студенттердің «G-Global – жаһандану алаңы: Ғылым және жастар» атты студенттердің дәстүрлі республикалық VI ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысуға шақырады. Конференция онлайн жүйесіне қосылады:
    Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері

    Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:
1. Педагогика және психология ғылымдары
2. Филология ғылымдары
3. Жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар
4. Әлеуметтік-қоғамдық ғылымдар (тарих, география, құқықтану)
5. Өнер, мәдениеттану және спорт (бейнелеу өнері, кәсіптік білім, музыка және дене шынықтыру)

Студенттер мен жас ғалымдарға арналған конференция жинағында жариялауға ұсынатын баяндама тезистеріне қойылатын талаптар:
1. Баяндама мәтіні Microsoft Word редакторында терілуі тиіс;
2. Шеттік: сол жағы – 3 см, қалғандары – 2 см
3. Шрифт өлшемі:
Баяндама мәтіні – 14 п.,
Формулалар, кесте, сызбалар – 12 п.,
Әдебиеттер тізімі – 12 п.
Резюме – 11 п.
4. Шрифт түрі: TIMES NEW ROMAN
5. Жоларалық қашықтық – 1, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см
6. Материал төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда ӘОЖ көрсетіледі, бір жол төмен – бас әріптермен баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен –студенттің, оқушының тегі және аты-жөні, оқу тобы, бір жол төмен – ғылыми жетекшісінің аты-жөні, тегі және ғылыми дәрежесі мен атағы, мекеме, қала және ел атауы беріледі (үлгісі қосымша тіркелген):

Баяндама дайындау үлгісі:

ӘОЖ (12 пт.)
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙЫН ДАМЫТУ (14 пт.)
Байқоныс А.Л. – 101-11 тобының студенті (12 пт.)
Ғылыми жетекші: Арзымбетова Ш.Ж. – п.ғ.к., доцент (12 пт.)
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент (12 пт.)
Резюме (11 пт)
Summary(11 пт)
Баяндаманың негізгі мәтіні (14 пт.)
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------
Әдебиеттер: (12 пт.)

7. Әдебиеттер тізімі квадратты жақша түрінде [1, 2 б.] мәтіндегі реті бойынша көрсетіледі. Автоматты нөмірлеу түрін қолдануға болмайды.
8. Баяндама көлемі студенттер үшін толық 3 беттен, магистранттар мен жас ғалымдар үшін (35 жасқа дейін) 5 беттен аспауы тиіс. Баяндама мәтіні түпнұсқа болып саналады және редакциялауға жатпайды. Конференция баяндамаларының жинағы тікелей көшіру арқылы дайындалады,баяндама мәтініне автор жауапты.
9. Көрсетілген мерзімнен кешіккен немесе аталған талаптарға сай келмейтін материалдар жариялауға қабылданбайды, қаралмайды және қайтарылмайды.
10. Конференция жарнасы (студенттер үшін) – 2000 теңге, магистранттар мен жас ғалымдар үшін (35 жасқа дейін) 3000 теңге.
   Баяндама мәтінінің баспа түріндегі және электрондық нұсқалары және конференция жарнасы төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен немесе төмендегі мекенжайда 2017 жылдың 05 наурызына дейін қабылданады: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі, 13 үй, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Бас ғимарат, 110 каб.
  Конференцияны ұйымдастыру комитеті: Ибрагимова Жанат Абуталипқызы - 8701 3381433, 8700 1357270; Алдангорова Айман Даулетбайқызы – 8702 5898128; e-maіl: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.


Конференция жұмысына қатысу төлемі үшін реквизиттер:

АО «Казкоммерцбанк»
БИК-KZ К0 KZ KX
БИН-110740004288
КБЕ-16
ИИН- KZ 569260801159775000
Аудару кезінде «конференция үшін» белгісін қойып, тегі және өз аты мен әкесінің атының бірінші әріптерін жазу қажет.


Ұйымдастыру комитеті

 

КОНТАКТЫ


Адрес: 110300, г. Аркалык, ул. Ауельбекова, 17
Тел: 8-71430-7-24-88
Приемная комиссия: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ПОДПИШИТЕСЬ