РЕСПУБЛИКАНСКАЯ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «Ғабит Мүсірепов – әлемдік әдебиет пен мәдениеттегі жарқын тұлға»(Дедлайн 09.03.2017)

Құрметті әріптестер!

   М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2017 жылдың 31 наурызында Ғ. Мүсіреповтің 115 жылдығына арналған «Ғабит Мүсірепов – әлемдік әдебиет пен мәдениеттегі жарқын тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
  Конференцияға зерттеушілер, ЖОО оқытушылары, аспиранттар, магистранттар, мұрағаттар мен мұражайлардың қызметкерлері, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, студенттер мен мектеп оқушылары қатыса алады.
  Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарланады:
1. Ұлттық әдебиет пен тарихтағы Ғ. Мүсірепов мұрасының орны;
2. Заманауи филологиялық ғылымдар: зерттеудің бағыт-бағдары мен аспектілері;
3. Қазіргі білім интеграциясындағы гуманитарлық-педагогикалық пәндерді зерделеу.
    Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
   Конференцияға қатысу үшін өтініш пен баяндаманың мәтінін (қосымша берілген талаптарға сәйкес ресімделген) және баспа шығындарын өтеу үшін 3000 теңге мөлшерінде тіркеу жарнасы ұсынылуы қажет.
  Баяндамалар 2017 жылдың 9-ші наурызына дейін басып шығарылған мәтіннің данасын қоса берумен электрондық нұсқада ұсынылуы тиіс. Конференция материалдары бойынша жинақ басылып шығарылады.
  Ұйымдастыру жарнасын келесі деректемелерге аударуды сұраймыз: ЖИК КZ 938560000000013451, «Центр Кредит банкі» АҚ, Петропавл қ., БИК KCJBKZKX, коды 16, БИН 960340000702 төлем кодының тағайындалуы 859, төлеу кезінде түбіртекте: «Аты-жөні, «Ғабит Мүсірепов – әлемдік әдебиет пен мәдениеттегі жарқын тұлға» деген белгі жасау қажет.
   Іссапар шығындары қатысушылар есебінен.
   Материалдар мына мекенжайға жіберілуі керек:
 150000, Қазақстан Республикасы, Петропавл қ., Пушкин көшесі, 86, СҚМУ, Тіл және әдебиет институты, «Қазақ филологиясы» кафедрасы.
   E-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
   Тeлефон: +7 (7152) 46-34-91, 49-40-42 (доп.11-44) 8-775-137-26-10
  Хабарлама немесе баяндама мәтіні А 4 форматында орындалады, 5 беттен аспауы керек, Word редакторында, 12 шрифт (әдебиеттер тізімі үшін 10 шрифт), интервал 1.0, шрифт “Times New Roman”, барлық өрістер 25 мм, ӘОЖ көрсетіледі.
  Конференция материалдарының жинағы тікелей көшіру әдісі арқылы жасалады. Сондықтан, ғылыми мақалалар мұқият редакцияланған, жоғарыда көрсетілген барлық талаптарға сай түрде ұсынылуы тиіс. Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар мақалаларына доктор (PhD) немесе ғылым кандидатының рецензиясын қоса жіберу керек.
   Көрсетілген мерзімнен кеш немесе талаптарға сай ресімделмеген материалдар қарастырылмайды және авторларға қайтарылмайды.

    Ұйымдастыру комитеті


Мақала немесе баяндаманы рәсімдеу үлгісі

ШОЖ 691.33

БІЛІМДІ БАҚЫЛАУДЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ РЕЙТИНГТІК ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ


Әбілева Б.Т., Сыздықова Д.С.
(М. Қозыбаев атындағы СҚМУ)


Мақаланың негізгі мәтіні.

Әдебиеттер:

1. Бәйтенов М.С. Сирек өсімдіктер әлемінде. Алматы: Кайнар баспасы, 1985.
2. Вилков В.С., Гайдин С.Г., Губин С.В., Зубань И.А., Красников А.В. Результаты мониторинга гусеобразных птиц в Северо-Казахстанской области весной 2011 г//Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары «Тәуелсіз Қазақстан және академик М.Қозыбаевтың ғылыми мұрасы. – Петропавл, 2011. – 54-59 б.
3. Баекенова М.К. и др. Экологические проблемы аграрного сектора экономики Казахстана // Научно-прикладные исследования в области охраны окружающей среды. – Алматы, 2006. – С. 59-67.
4. «Охрана окружающей среды и устойчивое развитие Казахстана». Статистический сборник АРКС
Астана, 2009.

Конференцияға қатысуға өтініш

Тегі_______________________ Аты¬¬¬¬¬¬¬___________ Әкесінің аты
Ұйым, лауазымы
(........ каф. оқытушысы, ....... тобының студенті)
Ғылыми атағы, дәрежесі
Мекен-жайы (толық)
Автордың телефоны (үйінің, қызмет орнының)
Автордың электрондық мекенжайы
Баяндама тақырыбы
Секция (нөмірі мен атауын көрсету)
Ұйымдастыру жарнасы (төлем құжатының №, келген соң)_________________________
Қонақүйден нөмірге тапсырыс беру қажеттігі_________________________________
Айы-күні________________________________________ Қолы

 

 

КОНТАКТЫ


Адрес: 110300, г. Аркалык, ул. Ауельбекова, 17
Тел: 8-71430-7-24-88
Приемная комиссия: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ПОДПИШИТЕСЬ