Subcategories


Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАНА ПЕРЗЕНТІ
(Әбу-Насыр әл-Фарабиге 1150 жыл)

 Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады.Шығыстың аты шулы қалаларында оқыды, еңбек етті.
 Әл-Фараби - көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «Екінші Ұстаз» атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» деп аталады. Оның атақты «Музыка туралы үлкен трактат» деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
 Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Категориялар», «Метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», бірінші және екінші «Аналитика», «Топикасы» және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды.
  Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фарабидің еңбектері Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.

 

Абай 175 жыл

 Биыл Абай Құнанабайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс – шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Мұның бәрі – той тойлау үшін емес, ой – өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек.
 Абай – халқымыздың ең аяулы перзенті, дана ұстазы.
Біз, білім алушы – студенттер Абайдың бойынан табылатын тұлғаға лайықты, мақтан тұтатын рухани тірегіміздің барына алғыс айтуымыз керек. Ұлы мерейтойды мерекелеу - болашақ жастардың тарихи санасына сіңіру және еліміздің рухани мәдениетін жаһандық форматта ілгерлетуге бағытталған   Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болмақ.
 Уақыт өткен сайын Абайды жаңаша көреміз. Екі ғасыр бұрын Абайдың ойынан шыққан тәлім – тәрбие осы күндерге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ.
 ААбай қазақ деген халықтың ғана Абайы емес. Абай бүкіл адамзаттың асқан ойшылдарының бірі екен. Бүгінде ғалымдарымыз Абайтану ғылымын жасап, ұлы ақынды көпке танытуда үлкен ізденісті жұмыстар жүргізуде. Дей тұрғанмен, ақын тойы тойланар күн жақын қалды. Осы атаулы мерейтойға дейін Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ жастарының арнайы ашылған сайты да Абай өнегесімен ауқымды жұмыстар атқара бермек. Тәуелсіз еліміз үшін руханиятқа қажет болып отырған бұл бастама – АрқМПИ сайты студент - жастар үшін де аса қажет бастамаға айналады.

 

 

 


Address: 110300, Auelbekova str.17, Arkalyk
Tel: 8-71430-7-24-88
Selection committee: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

SUBSCRIBE