Оқу курстарының сипаттамасы
«6В01507-МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1 курс
Бірінші оқу жылында білім алушылардың бойында сананың ашықтығы, рухани жаңғыру, реализм, әлеуметтік-гуманитарлық дүниетаным, әлеуметтік – жеке тұлғалық және тілдік коммуникациялық құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», «Философия», «Дене шынықтыру», «Әлеуметтік-саяси білімдер модулі», «Қазақ (орыс) тілі», «Шет тілі» сияқты міндетті пәндер оқытылады.
Жоғары оқу орны компоненттері:
«Педагогикалық кәсіпке кіріспе», «Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәндері педагогтың кәсіби даярлығын дамытуға бастапқы білім мен дағдылар қалыптастырылады. Сонымен қатар, студенттер «Аналитикалық геометрия», «Механика» пәндерін меңгереді;
Кәсіптік тәжірибе:
Оқу-танысу тәжірибесі: студенттер мектеп жұмысын ұйымдастырудың құрылымымен, негізгі принциптерімен, пән мұғалімінің қызметімен танысады.
2 курс
Екінші оқу жылында білім алушылардың бойында жаңа «сандық» ойлау, әртүрлі қызметтік салада заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша білімдер мен дағдыларды, салауатты өмір салты негіздерін жүйелейтін «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және «Дене шынықтыру» атты міндетті пәндерді оқуға мүмкіндік аласыз.
Жоғары оқу орны компоненттері:
«Педагогика», «Педагогикалық психология», «Ұлы даланың педагогикалық мұралары» атты жоғары оқу орны компонеттерін оқу барысында кәсіби даярлығыңызды дамытып, Ұлы даланың ұлы ағартушылары мен ғалымдарының педагогикалық мұраларына қарастырасыз. Математиканың негізгі пәндері – «Математикалық талдау» пәнін меңгересіз.
Таңдау компоненттері:
Келесі жалпы білім беру пәндері цикілі бойынша курстар, атап айтқанда «Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» және «Кәсіпкерлік негіздері» пәндерінің бірін таңдап оқисыз.
Элективті пәндер катологынан 4 таңдау курстарын меңгересіз.
Кәсіби тәжірибе:
Бұл оқу жылында педагогикалық - психологиялық тәжірибе жоспарланған. Бұл тәжірибе барысында студенттер ұжымының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу процедурасымен танысады, сабаққа психологиялық-педагогикалық талдау жүргізеді.
3 курс
Үшінші оқу жылында педагогтың кәсіби даярлығы мен шеберлігін қалыптастыруға бағытталған 2 модуль бойынша келесі жоғары оқу орны компонентіне кіретін курстарды оқуға мүмкіндік аласыз. Олар:
1. «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсы «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясына сәйкес мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік береді.
2. «Инклюзивті білім беру» – инклюзивті ортада білім алушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу процедурасын талдауды қамтиды.
3. «Педагогикалық шеберлік» пәнді оқытуда шеберлік құзіреттілік қалыптасады.
4. «Математиканы оқыту әдістемесі» және «Физиканы оқыту әдістемесі» курс барысында студенттер математика және физиканы заманауи оқыту әдістері мен критериалды бағалау технологиялары негізінде оқыту методологиясымен танысып, сабақ жоспарлау дағдыларын практикалық дамытуға мүмкіндік жасайды.
5. «Білім берудегі жаңа технологиялар» курсы орта білім беру мазмұнын жаңарту қағидаттарын, оқыту мен оқудың тиімді әдістерін және критериалды бағалау технологияларын қолдануға бағытталған.
6. «Мектептегі физикалық эксперименттің әдістемесі мен техникасы», «Физиканың цифрлық зертханалары» курс барысында студенттер эксперимент жасаудың техникасын және сандық зертхана жасауды меңгересіз.
7. «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» курсы барысында статистиканы оқытуға бағытталған.
8. Ғылыми жобаларды ұйымдастыру, экспериментті жоспарлау, академиялық сауатты ғылыми ізденіс жасауға алып келетін «Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және академиялық жазу» курсының да маңызы зор.
Таңдау компоненттері:
Элективті пәндер катологынан 1 таңдау курстарын меңгересіз.
Кәсіби тәжірибелер:
Бұл оқу жылында студенттер математика пәні бойынша оқу, сыныптан тыс, тәрбие жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу, оқу құжаттамаларын рәсімдеу бойынша практикалық дағдылар мен икемділіктерін қалыптастыруға арналған педагогикалық тәжірибеден өтеді.
4 курс
Жоғары оқу орны компоненттері:
Математиканың негізгі пәндері – «Математикалық логика және дискретті математика», «Математика және физиканы оқытуда сандық білім беру ресурстарын қолдану»пәнін меңгересіз.
Соңғы оқу жылында 5 таңдау курстарын меңгересіз. Бұл курстарды оқу барысында студенттер математика мен физика заңдылықтарының ерекшелігін сипаттайды, математиканы оқыту жүйесіндегі экспериментті жүргізу әдістерін қарастырады, әр түрлі қиындық деңгейлеріндегі есептерді шешудің негізгі түрлері мен әдістерін пайдаланады, сандық білім беру ресурстарын математикалық модельдеу және конструкциялауда қолдана алады, іргелі физиканың заңдарын және зерханалық жұмыстарды жасай алады.
Кәсіби тәжірибе:
Орта білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде студенттерді практикалық педагогикалық қызметке кешенді кірісуіне бағытталған 12-апталық өндірістік тәжірибе жоспарланған.
Қорытынды аттестаттау модулі бойынша барлық студенттер математиканы оқыту әдістемесі шеңберінде зерттеулер жүргізуге және талдауға арналған дипломдық жұмыс (жоба) жазады және қорғайды немесе кешенді емтихан тапсырады.