Гүлмира Парманова, Ф-21 тобының студенті "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" // Арқалық хабары.-2013.-8 наурыз.-б.3
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына жолдауында білім және кәсіби машық-заманауи білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі екендігін айтқан болатын. Сонымен қатар бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін сауаттылығы жоғары елге айналуымыз қажет делінген. Осы мақсатқа жету үшін елімізде әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер ашылуы және «Болашақ» бағдарламалары жүзеге асырылып, жұмысын жалғастыруда.
Жолдауда айтылған мәселенің бірі «Қазақстан-2050» Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етудің тапсырылуы.
Осы айтылған мәселелер физика сабағында үлкен тиімділікпен шешілді. Студенттерге терең білім беру және физикадан алған теориялық білімдерін практикада қолдана алуын қалыптастыру, көтерілген мәселелерді шешу маңызды. Соның бірі физикадан олимпиадаларға дайындау және қатысу болып табылады. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының математика және физика кафедрасында таяуда физика мамандығының 1-3 курс студенттері арасында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты физикадан олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты: студенттердің дарындылығын, ғылыми-зерттеу іс-әрекеттерінің белсенділігін анықтау. Негізгі міндеттері болып «Физика» мамандығы бойынша оқитын студенттердің кәсіби біліктілігін көтеру, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындау болып табылады. Олимпиада 3 кезеңнен: тестілеу, практикалық (жазбаша) тапсырма және компьютерлік тапсырмадан тұрды. Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің деканы ф.-м.ғ.к., АрқМПИ профессоры Үмбетов Әбілхан Үмбетұлы олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды құттықтап, оларға алда ақ жол тілеп, дипломдары мен мадақтау грамотасын табыс етті. Жеңімпаз атанғандар: физика мамандығының 3 курс студенті Соқабаева Әйгерім І дәрежелі дипломмен марапатталды, ІІ дәрежелі дипломға 2 курс студенті Набатбек Ерғали мен 3 курс студенті Утебаева Дария ие болса, ІІІ дәрежелі дипломды 3 курс студенті Нұрсейтова Жанат иемденді. Сондай-ақ мадақтау грамотасымен 1 курс студенті Иманова Әйгерім, 2 курс студенттері Парманова Гүлмира, Наушабекова Ұлжалғас, Акабаева Мухое марапатталды. Енді І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломға ие болған студенттер республикалық олимпиадағы жолдама алып, соған дайындық үстінде, олардың жетекшілері аталған институттың оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Садыкова Базаргүл Сапарбекқызы және аға оқытушы Төлегенова Анар Қабдығалиқызы. Негізінен, бұндай олимпиадаларды өткізу студенттердің дарынды қасиеттерін шыңдауға, оларды даярлауға және ынталандыруға мүмкіндік береді.