Неделя информатики на тему «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – құзіретті маман құралы»

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – құзіретті маман құралы»
тақырыбындағы апталықтың

ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – құзіретті маман құралы»
Өткізу мерзімі: 06.02.17-10.02.17

Өткізу орны: Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының №1 ғимараты, 205 аудитория

Мақсаты: Студенттердің білімдері мен ізденістерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндіктері арқылы арттыру.

Күні

Уақыты

Іс-шара тақырыбы

Жауапты

06.02.17

14.00

Апталықтың ашылуы

Ұйымдастыру алқасы

15.00

Олимпиада  I тур

Байзакова С.С.

Ажибекова П.С.

07.02.17

15.00

Олимпиада  IIтур

Байзакова С.С.

Ажибекова П.С.

08.02.17

15.00

Олимпиада III тур

Байзакова С.С

Ажибекова П.С.

09.02.17

15.00

«Білім берудегі сандық технологиялардың маңызы»  (ғылыми жоба сайысы)

аға оқытушылар

Валиуллов М.Р.

Жамалова С.А.

Алиева Г.С.

Конусова А.Б.

10.02.17

15.00

«IT алаңы» интеллектуалды  ойыны

Конусова А.Б.

Ажибекова П.С.

 

15.00

Апталықтың жабылуы

Ұйымдастыру алқасы

 

Жауапты: Жамалова С.А.

Кафедра Информатики с 06.02.17 по 10.02.17 проводиться неделя информатики на тему «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – құзіретті маман құралы»

 

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – құзіретті маман құралы» атты апталық шеңберінде өтетін «IT алаңы» тақырыбындағы интеллектуалды сайыстың
БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті әріптестер!

  Сіздерді Информатика кафедрасының ұйымдастыруымен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – құзіретті маман құралы» атты апталық шеңберінде өтетін «IT алаңы» интеллектуалды сайысқа шақырамыз.

           Өтетін уақыты: 10.02. 2017 жыл.сағ.1500-де, 205 ауд.

      Қатысушылар: Интеллектуалды сайысқа әр кафедрадан 1-3 курс студенттерінен құралған топ қатысады. Топ құрамы 3 студенттен болуы тиіс. Қатысушы студенттер тізімі 07.02.2017ж., сағ. 1700-ге дейін тапсыруларыңыз сұралады.
         Төрешілер құрамы ұйымдастырушылар тарапынан белгіленеді.

   «IT алаңы» интеллектуалды сайысының мақсаты: болашақ педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттіліктерін қалыптастыру.
         Интеллектуалды сайыс кезеңдері:
         1. Таныстыру (топтың аты, ұраны, төсбелгі. Жоғары ұпай – 5 ұпай)
        2. Сұрақ-жауап (әр топ берілген ұяшықтардан 3 сұрақ таңдайды және жауап 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) болуы тиіс. Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады).
         3. Үй тапсырмасы (шарты: әр топ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды өз мамандықтарына сәйкес қолдану мүмкіндіктеріне байланысты бейнеролик немесе презентация жасауы керек. Бағалануы: мазмұндылығы, жүйелілігі, IT қолдану мүмкіндіктерінің көрсетілуі. Бейнеролик немесе презентация ұзақтығы – 3 мин. Жоғары ұпай – 20 ұпай).

Үй тапсырмасын 2017 жылдың 08 ақпан айының сағ.17.00-ге дейін топтардың бейнеролик немесе презентацияларын Информатика кафедрасына (227 каб.) тапсыруларыңыз сұралады.

 

 


Address: 110300, Auelbekova str.17, Arkalyk
Tel: 8-71430-7-24-88
Selection committee: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

SUBSCRIBE