Сейітбек Қуанышбаев, Ы.Алтынсарин атындағы арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының докторы "Дарын – болашақтың үміті" // Арқалық хабары.-2013.-8 ақпан.-б.6
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім» десек, өзіндік тамаша тарихы мен дәстүрі қалыптасқан Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты ұжымының алдындағы басты мақсат – білім беру қызметінің сапасын одан әрі дамыту, ғылыми тұрғыдан сауатты болып саналады.
Елбасымыздың «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің негізгі бағдары» - Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағыты екені және осы бағытта жұмыс жасау – білім беру жүйесінде еңбек етіп жүрген әр қызметкердің айрықша міндеті.
ХХІ ғасыр – білімділер мен біліктілер ғасыры. Қазақстанның алдында 2050 жылға дейін барынша дамыған, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарынан көріну мақсаты қойылса, бұл мақсатқа жетудегі бәсекеге қабілеттілік ең алдымен біліммен өлшенері сөзсіз. Бағыт – білікті маман даярлап қана қоймай, елін, жерін сүйетін, ұлт мүддесін жоғары қоятын патриоттарды тәрбиелеу болып табылады. Соның ішінде, ерекше орын алатын бағыт – білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыру арқылы дарынды балалардың білімін онан әрі ұштау және олардың ерекшеліктерін ескере отырып, болашақта елімізге қажетті мамандықтар алуына ықпал ету. Елбасымыз дәл осы категориядағы балаларға «Келешектің кілті өздерінде», - деп бекер айтпаған. Дарынды балаларға табиғат берген ерекше сыйды қастерлеп, дамыта білу жұмыстары қазіргі таңда жалпы білім беретін типтік мектептен инновациялық режимдегі мектепте көшу мәселесімен бірге қарастырылуда.
Мектептің инновациялық дамуы үшін осы үдеріс басқарушы барлық субъектіні, күрделі педагогикалық жүйе ретінде оның барлық компоненттерінің даму қарқынын үйлестіруі қажет. Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептердің дамуы көбінесе инновациялық қызметті ынталандырушы факторларға тәуелді болады.
Инновациялық даму тәртібіне бағытталған қолайлы жағдай жасау, педагогикалық ұжым мүшелерінің шығармашылығын туындатады.
Осылайша, мектептің инновациялық даму нәтижесі орындау мүмкіндігін анықтай білуіне байланысты болады. Тәжірибеде пәрменді даму кейбір кезде басқарудың күшті әсерінің нәтижесінде жүзеге асады. Бұл жерде мектептің инновациялық дамуының кешенді мақсатты бағдарламасы назарға алынады. Ол инновациялық мектеп дамуының болашақ басқару құралына айналуы мүмкін. Сонымен қатар Назарбаев зияткерлік мектебіндегі жаңалықтарды дарынды балалармен жұмыс жасауда тәжірибеге енгізу қажет.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Арқалық педагогикалық институтында Президент атап көрсеткен 21-ші ғасырдың жаһандық сын-қатерлердің алдын алуына бағытталған көптеген іс-шаралар жоспарланды. Білім беру саласындағы біздің басымдылықтарымызды ескере отырып, институттың ғылыми-оқытушылар құрамы тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен ғана шектелмей, өздерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді дамытуда.
Оқу орнының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарына сәйкес біздің институтымызды екі тілде (қазақ-орыс) және үш тілде (қазақ-орыс-ағылшын, орыс-қазақ-ағылшын) сабақ жүргізетін көп тілді педагог мамандарды дайындап жатырмыз және оларды даярлаудың оңтайлы технологиясын әзірледік. Өткізіліп жатқан іс-шара Жолдауда айтылған тілдердің үштұғырлығын дамытуға бастар жолдың бір бағыты және болашақ педагогтардың ақпараттық-технологияны еркін меңгеруіне жол ашады. Өткен екі жылда осы бағдарламамен жуық маман дайындадық. Бүгінде олар қала мектептерінде еңбек етуде, ал біліктілікті көтеру мақсатында, Арқалық қаласы мен және оңтүстік аудандарға қарасты мектеп мұғалімдерінің дәріс беру үдерістерінде инновациялық әдістерді өз іс-тәжірибесінде кеңінен пайдалануға және тәжірибелік біліктілікке ие болу үшін соңғы екі жылда институт оқытушылары кешенді дәрістер өткізді және осы жұмысты болашақта онан әрі дамыта бермек.
Президент Жолдауында айтылған орындалар міндеттерді басшылыққа ала отырып және институттың Стратегиялық жоспарының негізінде білім беру қызметінің ғылыми-ақпараттық қамтылуын жетілдіру аясында институт оқытушыларының бірнеше оқу, оқу-әдістемелік құралдары дайындалып, баспаға ұсынылды. Олардың барлығы болашақ педагогтардың өз іс-тәжірибесінде білім берудің жаңа әдістерін меңгеруге және жеткіншек ұрпақтың сауаттылығын арттыруға негізделген. Институтта заманауи инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды пайдалану оңтайлы шешімін тапқан.
Атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе айтарым, типтік мектептерді инновациялық дамыту үдерістеріне көшіруді бүгіннен бастап қолға алып, әсіресе дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың ынта-жігерімен қоса олардың біліктілігін заман талабына қарай көтеру қажет және олардың заманауи ғылыми-педагогикалық жетістіктерді өз іс-тәжірибесінде батыл қолдануға талпыныс жасағаны абзал.