Мұрат Жүнісұлы "Үздік студенттік жатақхана" // Қостанай таңы.-2013.-9 сәуір.-б.12
Білім және ғылым қызметкерлері мен студенттердің кәсіподақ ұйымдары бірлесіп өткізген бұл байқаудың басты мақсаты жатақханада тұратын студенттердің тұрмыстық жағдайларын, яғни: асхана, оқу залдары, спорттық шаралар өткізуге арналған орындар, жеке және ортақ қолдануға арналған бөлмелердің техникалық жабдықталуын жақсартуға бағытталған.
Бұл АрқМПИ-дің алғашқы жеңісі емес. 2010 жылы № 1 студенттер үйі облыстық байқауда нақ осындай нәтижеге қол жеткізген болатын. Биыл осы жетістікті жаңартқан №2 жатақхана 2012 «Студенттік тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілді. 248 орынға лайықталған жатақханада студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Әр бөлмесінде жайлы жиһаздар теледидар, тоңазытқыш, душ, дәретхана бар. Ортақ тұтынымға электр плитасы, кір жуатын машина қойылған. Төменгі қабатында мультимедиялық зал, оқу залы, студенттер штабы жұмыс істейді.