Гүлназ Ниязова "Елдігіміздің тірегі – бірлік пен тіл" // Арқалық хабары.-2013.-12 сәуір.-б.1
Қалалық тілдерді оқыту орталығында жыл сайын өткізу дәстүрге айналған тіл сайыстары өз мәресіне жетті. Қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты байқауда қазақшаласа, орыс тілін жетік меңгерген қазақ жастары «Тіл – барлық білімнің кілті» байқауында шығармашылық шабыттарын бәйгеге тікті.
Қатысушылар бірінші кезеңде тіл лексикасы мен грамматикасын білуге арналған тест тапсырмаларын орындады, екінші кезеңде «Қазақ елінің келешегін мен қалай елестетемін?», «Тіл – достық пен келісімнің тірегі», «Отан отбасынан басталады», «Елбасының биылғы Жолдауынан не күтемін?» тәріздес патриоттық тақырыптарда эссе жазып, монолог оқыды, әділ қазылардың сұрақтарына жауап берді, соңғы шешуші кезеңде ән орындап, көркемсөз оқу шеберліктерін көрсетті. Осылайша, әділ қазылардың әділ бағасымен Арқалық МПИ студенті, өзбек қызы Зарина Элтаева қазақ тілін жетік меңгерген жастар арасында жеңімпаз атанды, ІІ орын профтехколледж студенті Светлана Шмисске берілді, медицина колледжінің студенті, әзірбайжан қызы Мадина Мамедова ІІІ орынға лайық деп танылды. Ал, орыс тілін жетік меңгерген қазақ жастары ішінен аграрлық техникалық колледж студенті Айман Әбілқасенова ІІІ орынды еншілесе, медицина колледжінің студенті Дариға Мұхамбетова ІІ орынды алды, І орынды Арқалық МПИ студенті Анар Оразбаева қанжығалады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен (тұрмыстық техника) марапатталды, облыстық байқауға қатысуға жолдама алды, барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, ынталандыру сыйлықтары табысталды. Қазақ тілін еліміздің рухани негізі деп білетін, орыс тілін ұлтымыздың тарихи артықшылығы деп санайтын жастарға институт, колледж оқытушылары, байқау соңында жақсы тілектерін айтып, болашақта өз білімдерін шыңдай түсуге өз кеңестерін ұсынды.