Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында академиялық ұтқырлықты үйлестіруді Офис-Регистратор бөлімі жүзеге асырады, бөлімде академиялық ұтқырлық бойынша жұмысты ұйымдастыратын маман бар.
Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-де академиялық ұтқырлықты енгізу бойынша жұмыстың негізгі бағыттары:
Қазақстанның жоғары оқу орындарымен студенттермен алмасу туралы өзара ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу;
• Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту;
Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ студенттерінің сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру;
Қазіргі уақытта Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ барлығы он екі келісім-шарт бойынша жұмыс жасалып жатыр. Қазақстанның жоғары оқу орындарымен - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетімен, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетімен, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетімен, Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтымен, SILKWAY халықаралық университетімен, Еуразия гуманитарлық институтымен, О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетімен және шетелдік жоғары оқу орындарымен - Я.А.Коменский атындағы Ұлттық университетімен (Словакия, Братислава), Св.Кирил және Мефодий университетімен (Словакия, Трнава), Жешув университетімен (Польша), KAHRAMAN MARAŞSÜTḈÜ ÍMAM UNÍVERSÍTY-мен (Түркия).
АрқПИ-де академиялық ұтқырлық Болон процесінің ережелері мен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты студенттерінің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру туралы ережелерді ескере отырып жүзеге асырылады (Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-дің академиялық саясаты, Ғылыми кеңестің отырысында бекітілген 2019 жылғы 28 тамыздағы №1 хаттама).
Ұтқырлықтың негізгі мақсаты - студентке таңдаған оқу саласы бойынша жан-жақты білім алуға мүмкіндік беру, оған белгілі білім орталықтарына қол жетімділік беру және білімнің барлық саласында студенттердің білімін кеңейту.
 Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ академиялық ұтқырлық төмендегі бағытта жұмыс жасайды:
- Қазақстан бойынша басқа ЖОО студенттердің академиялық ұтқырлық бойынша шарттар жасайды;
- Қазақстан бойынша басқа ЖОО ынтымақтастықтың дамуына ықпал жасайды;
-Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ студентінің академиялық ұтқырлықты сыртқы және ішкі академиялық жинақылығының жүзеге асуы;

 Академиялық ұтқырлық – бұл білім алушы немесе оқытушы-зерттеушінің белгілі бір академиялық кезеңде («оқу» немесе «өндірістік тәжірибесін» қоса есептегенде), яғни семестр немесе оқу жылында, оқу немесе зерттеу жүргізу үшін басқа (қазақстандық немесе шетелдік) ЖОО-на белгіленген тәртіпте, меңгерілген білім беру бағдарламасының кредиттер түрінде міндетті түрде өз ЖОО-да қайта сынақ тапсыруымен орын ауыстыру.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында: Қазақстандық және шет елдердің ЖОО жетекші оқытушыларын шақыру, алыс және қашық мемлекеттермен алмасу бойынша студенттерді 1 немесе оданда көп семестрге білу алуға жіберу және қабылдау.
Сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлықты ажыратыңыз.
Сыртқы академиялық ұтқырлық дегеніміз - студенттерді шетелдік университеттерде оқыту.
Ішкі академиялық ұтқырлық - студенттерді Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында оқыту
Ұтқырлық бағдарламасына кім қатыса алады?

Алтынсарин атындағы АрқПИ 3-4 курс студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысады.

Құжаттар тізімі студенттің ішкі академиялық ұтқырлығы үшін
1. Ректордың атына өтініш
2. Кафедра меңгерушісінің ұсыныс хаты
3. Жеке куәлік көшірмесі, 3x4 фотосурет (2 дана)
4. Оқу жоспары
5. Жеке оқу жоспары
6. Ата-анасының жазбаша келісімі
7. Транскрипт
8. Денсаулық туралы анықтама (086/у нысаны)
9. Анықтама (институтта оқитындығын растайтын)

Сыртқы академиялық ұтқырлық конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Өтініш
2. Ұсыныс хат (факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің)
3. Тіл туралы сертификат (IELTS, TOEFL)
4. Жарамды төлқұжат пен жеке куәліктің көшірмесі
5. Жеке оқу жоспары
6. Оқу туралы транскрипт
7. Академиялық ұтқырлық аясында шетелге оқуға баруға өтініш берушінің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі
8. Шетелге шығуға медициналық анықтама (082 / у нысаны).

karta

 

«Академиялық ұтқырлық – әлемдік білім кеңістігінің кілті!»

   Елбасымыз айтқандай: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. 

  Офис-Регистратор бөлімі 2018 жылдың 27 сәуірінде «Академиялық ұтқырлық – әлемдік білім кеңістігінің кілті!» атты семинар өткізді. Cеминар жыл сайын өткізіледі. Семинар мақсаты - Академиялық ұтқырлықпен басқа ЖОО-нан оқып келген, студенттермен пікір алысу және тәжірибе алмасу, І-ІІ курс студенттеріне түсіндіру. 2017-2018 оқу жылының 1,2 семестрінде барлығы 13 студент ішкі академиялық ұтқырлықпен өз білімдерін шыңдап жатыр. Ал, сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша 4 студент Словакияда оқып келді. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінен 1 студент, 3 курсқа 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына Қасымхан Азат Қайыржанұлы келіп оқыды. Ал енді келесі оқу жылы 1,2 семестрге, барлық мамандықтан үміткер студенттер келіп жазылуға болады. Келесі оқу жылында жақсы көрсеткішке қол жеткізіледі деген үміттеміз. 

   Алғашқы сөз кезегін алған Офис-Регистратор бөлімінің бастығы Л.С.Шайменова семинардың жылда өтетінін атап өтті. Академиялық ұтқырлық бағдарламасының мүмкіншіліктерін былтыр барып келген студенттер, қайда барғандарын, мақсаттары, алған әсерлерін, жатақхана, аудитория, кітапхана жайында, бос уақыттарын қалай өткізгендерін, барған ЖОО-ны туралы толық мәлеметті есеп берумен қатар презентация арқылы І-ІІ курс студенттеріне түсіндіре білді. 2016-2017 оқу жылы 1,2 семестрде 15 студент барып келді. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіне барып оқып келген, 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 4 курс студенті С.М.Иристаева Москвадан келген профессордан дәріс алғанын, бос уақытында көне қаланы тамашалап ұмытылмастай әсерде болғанын, жалпы алғанда, екі ЖОО-ның айтарлықтар айырмашылықтар жоқ екенін, өзіне сарқылмас білім мен тәжірибе алып, ұмытылмастай естеліктер қалдырғандығын мақтанышпен айтты. Келесі сөзді 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығынан Тараз қаласына барып келген, Г.Б.Құттығали мен Н.М.Мұхамбетжанова ууниверситеттің оқу жүйесі мемлекеттік жалпы оқу стандартына сәйкес жүргізілгенін, оқу ғимараты, ішіндегі аудиториялары мен шеберханалары, студиялары мамандыққа қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін, қызметкерлері өз кәсіптерін жетік меңгерген, білікті мамандар, аға-оқытушылар студенттермен жан-жақты қарым-қатынаста, білмеген сұрақтарымен, қажетті ақпаратты университет әкімшілігі, сондай-ақ педагогтар әрқашан көмек бергендерін атап өтті. Екі ЖОО-ның ВЕНН диаграммасы бойынша салыстыра отырып, студенттердің өз бетімен жұмыс жасауы мен сабақ барысында өзекті мәселелер жиі-жиі қозғалып жеке сабақтар өткізілетінін атап өтті. Сөз соңында Ақтөбе өңірінен болғандықтан, бірінші рет Тараз қаласын көріп, ЖОО-да оқығандарын үлкен әсермен әсерлеп айтты. Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің, 5В010900 «Математика» және 5В011000 «Физика» мамандықтарының студенттері Ұ.Н.Жақыпбек, Б.Ж.Балтабай өздері Оңтүстік өңірден болғанымен Тараз қаласында бірініші рет болғандарын қуанышпен атап өтті. Академиялық ұтқырлықпен бару мақсаттары: ең бастысы өз білімдерін шыңдау, жаңа ортамен танысу. Айырмашылықтары баға қою жағынан, кредит саны жағынан, сабақ уақыты жағынан. Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық университетіне 5В011400 «Тарих» және 5В010300 «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттері А.Д.Тәңебергенова мен Н.С.Турсинбекова әсем қала Алматының пейзажымен бастады, себебі бірінші рет екендерін айтты. Университеттің ұйымдастырған түрлі конференциясы мен іс-шараларына қатысып, мадақтама қағазымен марапатталғандарын, білімдерін шыңдап, өмірлік тәжірибе алғандарын мақтанышпен атап өтті. Универсиаданың жабылу салтанатты кешінде көрермен болып қатысқандықтарын айтты. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне 5В011100 «Информатика» және 5В011300 «Биология» мамандықтарынан Ж.А.Жұмағазина, А.Бақытбекқызы барып оқыды. Жұмағазина Жансая «Информатика» мамандығының қыр- сырын толық меңгергендігін, барлық жерде WI-FI желісінің жылдамдығы жоғары болғанын, кез-келген программаны әп-сәтте орындауға барлық жағдай жасалғанын  атап өтті. Ең басты барудағы мақсаты өзі Арқалықтың тұрғыны болғандықтан, облыстағы ЖОО-на барып, өзін бір сәтке нағыз студент екенін сезініп, білімін ары қарай жетілдіру. Ал, Бақытбекқызы Айнұр түрлі лабараториялық аудиториялардың зерттеу мақсатында толық жағдай жасалып, тәжірибе жасауға қызығушылығының артқанын, Қостанайдың тұрғыны болғандықтан, қаласындағы ЖОО-да оқу бала кезіндегі арманы екенін, осы бағдарламанын арқасында арманының орындалғанын үлкен мақтанышпен айтты. Еуразия гуманитарлық институтына 5В011400 «Тарих» мамандығынан А.Е.Қайырбекова, Қ.Еркіман, Д.А.Болатқалиева еліміздің бас қаласы Астанада өткізген әрбір сәттерін толқыныспен еске түсіріп, институт ішіндегі түрлі шығармашылық бірлестіктерге қатысып, тынысымен танысып, елордамыздың архитектурасымен танысып, жаңа достар тауып, білімдеріне білім қосып келгендеріне өте қуанышты екендерін айтып жеткізді. Е.Қабылдың бір ауыз сөзі: « мен өзім Еліміздің бас қаласы болған Астанада өткізген жарты жылдық уақытта:қиында қызықты, өміріме  мол тәжірибе  болатын сабақ алдым. Көп  достар таптым. Менің сіздерге айтар сөзім денсаулықтарыңыз бен мемлекеттің қолдауы барда қазақстанымыздың кез келген жерінің жоғарғы оқу орнынан білімдеріңізді артырыңыздар , шыңдалыңыздар, қозғалыссыз қалмаңыздар! Атың барда жер таны желіп жүріп деген халық сөзі бекер айтылмаған болар...  Студент- аш . Себебі ол білімге жаңашылдыққа кез келген өзін дамытатын бастамаға аш болуы керек. Абай атамыз айтқан: көрсем, білсем деген ақылды жастардан болуға қолдан келгенше тырысайық. Сөз соңында сіздерді осы оқу орнында білім алуға шақырамын! Өкінбейтініңізге өз көзіңізді жеткізуіңізге тілектеспін!». Словакияның Трнава қаласындағы Әулие Кирил және Мефодия университетіне 5В011900 «Шетел тілдері: екі шет тілі» мамандығынан 4 курс студенттері Ш.Е.Есенбеков, Б.М.Нагызканова, Н.Қ.Өмірбай және 5В011100 «Информатика» мамандығынан А.Х.Қасым шетелде оқып келді. Олар университеттен алған әсерлерімен, оқу барысында қандай қиындықтықтармен кездескендерін айтты. Бос уақыттарында әсем қалаларымен қатар, Чехия, Париж жалпы Еуропа елдеріне саяхат жасағандарын айтты. Ағылшын тілін жетік меңгергендерін, халқымен танысып, словак тілін үйренгендерін мақтанышпен жеткізді. Студенттер оқу процестері жайлы, сабақ кестелері туралы, таңдау пәндері, кредит сандары, жалпы сессияның қалай өткені жайлы мәлімдеді. Офис-Регистратор бөлімінің бастығы Л.С. Шайменова өз сөзінде біздің келісім-шартқа қол қойған біздің институт пен университеттердің студенттердің білім алуына және тұруына барлық жағдайлар жасайтынын атап өтті және институт ұсынған мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті. Қорытындылай келе, студенттер институт басшылығына және құжаттармен қамтамасыз еткен

   Офис-Регистратор бөліміне алғыстарын білдірді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасының арқасында ел көріп, жер көріп, ең бастысы білімдерін шыңдап, жаңа достар тапқандарына дән ризашылықтарын білдірді және үміткер студенттерге ешнәрседен қорықпай алған білімдерін дәлелдеп, келесі жылы жақсы көрсеткіш көрсетулеріне тілектестіктерін білдірді. Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-де сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен 5В011900 «Шетел тілдері: екі шет тілі» мамандығы ғана емес басқа мамандықтардың студенттері де оқи алады. Ішкі ұтқырлық бағдарламасымен таңдаған ҚР ЖОО-на бара алады. I-II курс студенттері ұсынылған материалдарға үлкен қызығушылық танытты, көкейлерінде жатқан сұрақтарға жауаптар ала білді. Академиялық ұтқырлық студенттерге берілген үлкен мүмкіндік.

academ
academ2

academ3
academ4
academ5 


Білікті маман даярлау - заман талабы!

    Офис-Регистратор бөлімі 2018 жылдың 19 қазанында «Білікті маман даярлау – заман талабы» атты семинар өткізді. Осындай семинар өткізу жылдағы дәстүрге айналған. Семинар мақсаты: академиялық ұтқырлықпен басқа ЖОО-нан оқып келген студенттермен, пікір алысу және тәжірибе алмасу, І-ІІ курс студенттеріне түсіндіру. 

  2010 жылдан 2018 жыл аралығында барлығы -  93 студентті оқуға жібердік. Ал, сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша барлығы - 15 студент Словакияда, Св.Кирилла и Мефодия университетінде (Трнава қаласы) білім алып қайтты. Басқа ЖОО-нан барлығы – 16 студент келіп, біздің институтымыздың мүмкіншіліктеріне, оқытушылардың біліміне, жатақханамызға тәнті болып, өздеріне ұмытылмас естеліктер мен достар тапқандарына ризашылықтарын газет беттеріне мақалалар жазып, бізге деген ыстық ықыластарын білдіріп кетті. Осы оқу жылы 1 семестрде 1 студент 5В011900 «Шетел тілдері: екі шет тілі» мамандығынан Кәкімжанова Луиза Абайқызы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде оқып жатыр. Ал, 4 студент 5В011000 «Физика» мамандығынан Аккулов Дархан Джаксибекугли, 5В011300 «Биология» мамандығынан Гумарова Алина Бериковна, 5В011900 «Шетел тілдері: екі шет тілі» мамандығынан Калимжанова Аида Кайратовна және Сактапбергенова Макпал Уразбаевна Св.Кирилл және Мефодия атындағы университетінде, Словакия Республикасының, Трнава қаласында оқып жатыр.

  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 1 студент, 3 курсқа 5В011900 «Шетел тілдері: екі шет тілі» мамандығына Даркенова Диана Оразқызы және  Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінен 3 студент, 3 курсқа және 4 курсқа 5В010600 «Музыкалық білім» мамандығына Сәруәров Ернұр Төлеуұлы және 5В011500 «Құқық және экономика негіздері» мамандығына Бәшір Ботакөз Жылбекқызы, Бәшір Қаракөз Жылбекқызы  келіп оқып жатыр. Ал, енді келесі оқу жылының 1,2 семестріне барлық мамандықтан үміткер студенттер келіп жазылуда. Келесі оқу жылында жақсы көрсеткіш көрсетеміз деген ойдамын. 

   Семинар барысында, академиялық ұтқырлықпен оқып келген студенттерге сөз беріліп, олар өздерінің алған тәжірибелері және әсерлерімен  бөлісті. Сонымен бірге, шетелге барып келген студенттер үлкен мақтанышпен алған сарқылмас тәжірибелері мен білімдерін көрсетті. І-ІІ курс студенттері үлкен ықыласпен тыңдап, қызықтырған сұрақтарына жауап ала білді. 

   Офис-Регистратор бөлімінің бастығы Шайменова Ляззат Сериковна академиялық ұтқырлық бағдарламасымен баратын студенттерге, институтымыз барлық жағдай жасап отырғанын, келешек жастардың қолында екенін, берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керек екенін атап өтті. Семинарымызды қорытындылай келе, тақырыбымыз толықтай ашылып, көздеген мақсатымызға жеттік.

Academ 1
academ2 1
academ3 1
Academ4 1
academ5 1
academ6
Academ8


Академиялық ұтқырлық бойынша бағдарламаға қатысушылармен кездесу

2020 жылдың 24 қаңтарында ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде (Польша Республикасының Жешув университеті) оқудан өткен студенттермен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты - академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу туралы ақпаратты тарату. Сыртқы академиялық ұтқырлық - бұл алыс және жақын шетелдердің жоғары оқу орындарында бір семестр бойы шетелде білім алу бағдарламасы.
 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4 курс студенттері Темірлан Омаров пен Жансая Ержан бакалавриатқа арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы айтып, шет елде алған әсерлерімен бөлісті, сондай-ақ кездесетін қиындықтар туралы айтып берді. Кездесу барысында студенттер ғылым, стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық офисі жетекшісінің м.а. Ерхан Ұлысбаев бір семестр бойы шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы хабардар етті.
  Мұндай кездесулер студенттерге шет тілдерін үйренуге, әлемді тануға, басқа елдердің жоғары оқу орындарында білім алуға ынталандыру үшін қажет.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ