Факультеттің қалыптасуы мен дамуы бірнеше кезеңнен тұрды және 1972 жылы институттың қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Осы кезеңде институтта «Көркем графика», «Филология және тарих» және «Тарихи – экономикалық» факультеттер құрылған. Жоғарыда аталған факультеттердің бірігуі негізінде, 2007 жылы «Тарих және өнер» факультеті құрылды. Факультеттің даму және білім беру тарихына факультет басшылары мен оқытушылар құрамы үлкен үлес қосты. Атап айтқанда, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор А.Г.Переверзев, өнертану доценті, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Б.Е.Оспанов, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, доцент З.Ш.Қолдасбаева, тарих ғылымдарының кандидаттары: С.А. Бағдатова, З.Ш. Айткенов, Б.К.Косаяков, К.Г.Даркенов; педагогика ғылымдарының кандидаттары, доценттер: Ш.Т.Төлегенов, С.Ж.Турикпенова, философия ғылымдарының кандидаты, АрқПИ доценті, Г.С.Конкина, аға оқытушылар Ж.К.Нұрқанов, Р.ЗАймағамбетұлы және тағы да басқалары өз септігін тигізді.
Олардың білімі мен ғылыми енбектерінің нәтижесінде білім сапасы жақсарды, студенттердің саны артты, студенттер білім алатын мамандықтар саны көбейді.
Факультетте оқу үрдісіне, білім сапасына, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың ғылыми жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Біздің факультет Торғай өңірі мен Қостанай облысын қажетті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етеді.
Факультет жоғары білікті мамандарды даярлауды өзінің басты міндеті деп санайды, мұнда болашақ мамандарды сапалы даярлауға баса назар аударылады.