Түсушілерді Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері қатарына қабылдау Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10 - 25 тамыз аралығында өткізеді.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантының иегерлері, сондай-ақ оқуға ақы төлеуі азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен жүзеге асырылған оқуғатүсушілер тиісті білім беру бағдарламалары топтарынан білім беру бағдарламасын таңдайды.
Оқуға түсушілер қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтініш:
1) жалпы орта, техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосуретін;
4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 075-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
5) ҰБТ сертификатын;
6) ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)»білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
7) білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары артықшылықты құқық және квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
8) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағында белгіленген спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың біреуінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі (ол болған кезде).
Шығармашылық дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды алмаған (ҰБТ нәтижесі бойынша) адамдар 1 (бірінші) академиялық кезең аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.
Білім алудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін бұл адамдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№15173болып тіркелген) (бұдан әрі – №204бұйрық) белгіленген мерзімде ҰБТ-ны қайта тапсырады. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған адамдар куәлікте көрсетілген Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау жөнінде өтініш береді және Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен студент қатарына қабылданады.
Жоғары білімнің шығармашылық білім беру бағдарламалары топтары бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік иегерлері өздері шығармашылық емтихан тапсырған Жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылданады.