Оқуға түсуші ҰБТ-ға қатысушылардың деректер базасына тіркелу үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 2024 жылғы 06 мамырдан бастап 20 мамырға дейін https://app.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша онлайн өтініш береді. Осы кезеңде 2 (екі) рет тестілеуге қатысу үшін өтініш беруге мүмкіндік беріледі. ҰБТ тапсыру мерзімі туралы толық ақпаратты https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/ent/edinoe-natsionalnoe-testirovanie-ent/ сілтемесі бойынша алуға болады.
Республикалық комиссия шешімінің негізінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге куәлік беріледі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда жарияланады.
Грант иегерлерін оқуға қабылдау кезінде жоғарыда аталған құжаттармен бірге білім беру грантын беру туралы куәлігін ұсынып, қабылдау комиссиясына мына құжаттарды толтырылуы қажет:
1. Институт Ректорының атына белгіленген нысан бойынша өтініш;
2. білім беру қызметтерін көрсету туралы келісім шарт.
Талапкерлерді институтқа білім беру грант негізінде оқуға қабылдауды институттың қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. Құжаттарды қабылдағаннан кейін ЖОО басшысы студент қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.