Педагогика және филология факультеті білім беру бағдарламаларын іске асыра отырып, оқу жоспарларының, сондай-ақ пәндердің жұмыс оқу бағдарламаларының әзірленуі мен тәжірибеде қолданылуын қадағалайды және маман дайындау сапасының құзіретін қалыптастырады.
Факультеттегі оқу - әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты – оқу процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жағдай жасау. Факультеттің білім беру бағдарламаларындағы әдістемелік жұмыс келесі бағытталған іс-шаралар кешенінен тұрады:
- оқу процесін оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;
- оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру, студенттердің аудиториялық және өзіндік жұмыстарын жүзеге асыру;
- факультет даярлайтын мамандар үшін технологиялық процестер мен білім беру бағдарламаларындағы оқу жұмысының барлық нысандарын, әдістері мен формаларын жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың мақсатына жетуді қамтамасыз ететін міндеттерді шешу үшін факультеттің білім беру бағдарламаларындағы келесі нысандарда жүзеге асырылады:
- пәнді оқыту әдістемесін жүзеге асыруға, оқу процесін тікелей әдістемелік қамтамасыз етуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде әзірленген ұсыныстарды жүзеге асыруға, педагогикалық ұжымның педагогикалық біліктілігін арттыруға бағытталған оқу-әдістемелік жұмыс;
- оқу-әдістемелік жұмыс беріліп жатқан тәжірибені байытуға, оқу-тәрбие процесінің даму перспективаларын, оның мазмұны мен оқыту әдістерін жүзеге асыруға, жаңа принциптерді, әдістерді, технологияларды және ұйымдастыру формаларын қарастыруға бағытталған оқу процесі.
Жұмыс берушілермен тиімді қарым-қатынас жасау мақсатында дуалды оқыту бойынша оқу мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі және педагог-психолог білім бағдарламасының студенттері кәсіптік практика базасында жоспарланған кестеге сәйкес тәжірибеден өтеді.
«6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында білім алушылар өндірістік тәжірибені Арқалық қаласы бойынша төмендегідей базалармен келісімшарт негізінде өтеді:
- Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп – гимназия, Б.Майлин атындағы №3 ЖББМ, Ш.Уалиханов атындағы №1 ЖББМ, №8 ЖББМ, М.Әуезов атындағы №5 ЖББМ, Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ, Ә.Бөкейханов атындағы ЖББМ, №10 ЖББМ, Қайыңды ЖББМ.
Арнайы сұраныстар мен келісімшарттар негізінде Қостанай облысы және өзге өңірлерде өтеді:
- Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ, Қ.Топаев атындағы ЖББМ, М.Дулатов атындағы ЖББМ, Қамысты ауданы Бестөбе ЖББМ, Аманкелді ауданы Қолдасбаев атындағы ЖББМ, Қостанай ауданы Қостомар ЖББМ мектебі, Феодров ауданы Успенов ЖББМ, Меңдіқара ауданы А.Шотаев атындағы ЖББМ, Алтынсарин ауданы Димитров атындағы ЖББМ, Қарабалық ауданы А.Құнанбаев атындағы ЖББМ, Науырзым ауданы Дәмді ЖББМ.
- Ақмола облысының Жақсы ауданы Беловодское ЖББМ, №1 ЖББМ, Жарқайың ауданы Гастелло ЖББМ, Шортанды ауданы Шортанды №2 ЖББМ, В.Кузьмин атындағы ЖББМ, Астрахан ауданы Акимовка ЖББМ, Атбасар қаласы №1 ЖББМ, Целиноград ауданы Арайлы ЖББМ.
- Астана қаласы, Ғ.Орманов атындағы №7 ЖББМ.
- Абай облысы, Семей қаласы, №44 ЖББМ.
- Қызылорда облысы, Сырдария ауданы Абай атындағы №130 ЖББМ.
.