Тіркеу офисі – академиялық ережелер мен рәсімдердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады, білімді бақылауды ұйымдастыруды, оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын тіркеуді және білім алушылардың академиялық рейтингін есептеуді қамтамасыз етеді.
Тіркеу офисі Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі-университет).
Міндеті:
- білім алушының өзінің негізгі мақсатына жетуіне – университет факультеттерінің тығыз өзара іс-қимылы кезінде білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктің жоғары сапасымен таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша білім алуына жәрдемдесу. Тіркеу офисі өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, ҚР қолданыстағы еңбек заңнамасын, ҚР жоғары білім және ғылым министрлігінің нормативтік актілерін, Басқарма Төрағасы – Ректордың бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.
Бөлім өз қызметін университеттің құрылымдық бөлімшелерімен, кәсіпорындармен, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарымен, министрліктермен, ведомстволармен және өзге де органдармен өзара әрекеттестікте, «Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» КЕАҚ Жарғысы, университеттің Даму стратегиясы және университеттің ішкі нормативтік құжаттары негізінде жүзеге асырады.