Image

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ» ФАКУЛЬТЕТІ

Қабылдау телефоны:  8(71430) 7-24-88 (ішкі – 127)
Мекен жайы:
Әуелбеков көш., 17

 5-қабат, (504 кабинет)

ФАКУЛЬТЕТ ТУРАЛЫ

Ескермесұлы Әлібек

Жаратылыстану және ақпараттандару факультетінің деканы
Ғылыми дәрежесі: 8D060100 – «Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD)
E-mail: alibek.yeskermessuly@api.edu.kz
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті өз тарихын 1972 жылы институт құрылғаннан бастайды. Алғашында институт құрылуымен қатар Физика және математика факультеті, кейіннен Химия және биология факультеті құрылды. 2007 жылдан бастап институттағы құрылымдық өзгерістерге байланысты Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті болып бірікті. Факультетте математика, физика, информатика, химия, биология, география және қосарланған білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Факультет деканы – «Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Әлібек Ескермесұлы.
Факультет миссиясы: Өңірде және Республика көлемінде жоғары сұранысқа ие, оқу үрдісінде зерттеушілік дағдыларын кеңінен қолданатын, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, жаһандық ғылыми-техникалық трендтерді оқу үрдісінде қолдана алатын жаратылыстану пәндері бойынша білікті маман даярлау.
Факультетті дамытудың стратегиялық бағыттары:
- білім беру, ғылыми және инновациялық қызметтің жоғары сапасын қамтамасыз ету;
- дәстүрлер сабақтастығын және сыртқы және ішкі ортаның өзгермелі факторларына икемді, бейімделгіш реакциясын қамтамасыз ету;
- экономиканың нақты секторымен және азаматтық қоғам институттарымен сапаны, креативтілікті және инновацияны қолдау үшін серіктестікті дамыту;
- барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктерінің теңгеріміне негізделген тиімді басқару шешімдерін қабылдау;
- корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік принциптерін жүзеге асыруға қызметкерлер мен студенттерді белсенді тарту;
- үдемелі тұрақты даму.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ