Ақпараттық-кешендік кітапхана Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Ақпараттық-кешендік кітапхананың негізгі міндеті – университет зерттеушілеріне, оқытушыларына, білім алушыларына жоғары кәсіби ақпаратты–кітапханалық қызметтерін ұсыну арқылы институттыңжоғары білікті мамандарды дайындау сапасын арттыруға ықпал ету.
Бүгінгі таңда ақпараттық-кешендік кітапхананың кітап қоры мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде 300 мыңнан астам дананы құрайды. Кітапханада сирек кездесетін кітаптардың мол қоры жинақталған.
Отандық және шетелдік лицензияланған электрондық ресурстар IP-мекен-жайлары бойынша қолжетімді, электрондық басылымдардың көлемі шамамен 20 мыңнан астам жарияланымдарды құрайды.