Оқытушының Ар-намыс кодексі
• Оқытушының қызметінің басты бағыты – студенттермен жұмыс, олардың біліктілігіне және мәдениетіне деген қамқорлық, өз елінің шынайы патриоттарын тәрбиелеу.
• Оқытушы өз ісінің шебері болуы тиіс, күнделікті педагогикалық шеберлігі мен теориялық білімін көтеру мақсатында жұмыс істеу, білім алу мақсатында ізденуді негізге ала отырып, өз деңгейіндегі дәлелдемелермен, ой-пікірлер адалдығымен, нәтижелерді жария еткенде риясыз тазалығымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
• Оқытушы – зиялылық пен адалдықтың, адамгершіліктің үлгісі, Қазақстан мемлекеттілігінің белсенді насихаттаушысы, барлық парақорлық, тәртіп бұзушылық, жауапсыздықтың түбегейлі қарсыласы.
• Оқытушы жеке бастық үлгісімен студенттерге еңбек және оқу тәртібін сақтау қажеттілігін, әріптестеріне деген сыйлы қарым-қатынасын, өзіне, сөздеріне және істеріне деген талапшылдығын дәледейді, өз қателіктерін ашық түрде мойындау және оларды адал түрде жою.
• Оқытушы өз әріптестері мен студенттерді кәсіби бағалауда адал, бейтарапты болуы қажет, ол – ұйымдастырушы, оның сөздері ісімен дәледенеді, өз көзқарасын нақты дәлелдей алады, шиеленісті сұрақтар бойынша өз ойын ашық білдіреді.
• Қазақстан жоғарғы оқу орындары оқытушыларының Ар-намыс кодексі қазақстандық қоғам мен мемлекеттің адамгершілік принциптерге негізделген моральдік нормалар, міндеттемелер және адал ниетті әдеп талаптарының жүйесі.
• Біз өзімізге аталған базалық принциптерді жүзеге асыру және оқытушы мен студенттердің Ар-намыс кодексіне сәйкес қызмет ету жауапкершілігін мойнымызға аламыз. Біз жоғарғы оқу орындарымыздың адамгершілік пен зияткерлік күшіне айналуына, Қазақстан жоғары білімінің элитасын құрауына белсенді түрде бар күш-жігерімізді саламыз