2020-2021 оқу жылында өткен конференциялар

«ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2021 жылдың 9 маусымында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұйымдастыруымен ұлы ағартушы, педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсарин шығармалары» атты республикалық онлайн конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: студент жастарға Ы.Алтынсариннің ұлтқа жасаған еңбектерін насихаттап, өмірбаяны, қоғамдық-саяси қызметі, шығармашылық еңбектері туралы баяндау, тың ойлар мен ұсыныстармен бөлісу.
Аталмыш іс-шараға республика көлеміндегі Ыбырай Алтынсарин есімімен аталатын білім ордаларының оқытушылары, мұғалімдері мен студенттері қатысты. Конференцияға институтымыздың «Ыбырай Алтынсарин мұражайының» маманы Шорманова Қаламқас Кендебайқызы қатысып, «Ы.Алтынсарин мұражайының ЖОО-ғы алар орны» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында мұражай тарихы және ЖОО-ғы барлық мамандықтардың оқу кестесіндегі «Ыбырайтану» пәнінің студенттерге ұлы тұлғаны ұлықтап, өтілетін сабақтардың мұражаймен тығыз байланыстылығын және мұражайда сақталған Ы.Алтынсаринге қатысты әдістемлік құралдар жайлы айтылып, бейнеролик көрсетілді.
Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰАЗУ, ҚазҰҚПУ, Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия сияқты білім ордалары ат салысты.


«АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ: МӘСЕЛЕЛЕР, ПЕРСПЕКТИВАЛАР, ИННОВАЦИЯЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2021 жылдың 20 мамыр күні «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультеті «Информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында «Ақпараттық-коммуникациялық кеңістіктегі ғылым мен білім: мәселелер, перспективалар, инновациялар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтті.

Конференция мақсаты: Ақпараттық-коммуникациялық кеңістіктегі ғылым мен білімнің өзекті мәселелерін қарастыру, инновацияларды қолдану арқылы келешекте даму бағытын айқындау, тәжірибе алмасу.
Іс-шараға жетекшi отандық және шетелдiк ғалымдар, университеттер өкiлдері және білім беру саласындағы жаңашыл педагогтар қатысты
Ғылыми-тәжірибелік конференцияны АрқПИ Басқарма Төрағасы-Ректор, г.ғ.д., профессор С.Б.Қуанышбаев кіріспе сөз сөйлеп, бастады.
Модераторы Оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор тех.ғ.к. Темірбеков Нұрлыхан Мұқанұлы.
Конференция баяндамашылары болған: Латвия университеті п.ғ.д,профессор Воронова Ирина (Fraudulent bankruptcy risk: determinants and models); Смоленск мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің деканы, кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері Сенькина Гульжан Ержановна (Профессиональная направленность и учебные предпочтения студентов физико-математического факультета: проектирование образовательных программ); Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті профессоры, д.ғ.к., Қасқатаева Бақытгүл Рақымжановна (Геометриялық есептер математиканы оқытудың қолданбалы бағытын жүзеге асыру құралы ретінде); п. ғ. д., профессор Ирина Секрет "Стартинфорум" Халықаралық бизнес-консалтингтік компаниясының басқарма төрағасы (Түркия) (Условия интенсификации международной и научно-исследовательской деятельности университета постсоветского пространства); Қостанай қаласы, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, "Информатика" мұғалімдер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, мұғалім-модератор Оспанова Шынар Бектепбергенқызы, мұғалім-модератор Оспанов Манат Габдракипович (Lesson study - эффективный способ совершенствования практики урока); Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының профессоры, «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің деканы ф-м.ғ.к. Үмбетов Әбілхан Үмбетұлы (Білім мәселесіндегі ұрпақтар сабақтастығы).
Конференция келесі бағыттар бойынша 2 секция жұмысы ұйымдастырылды:
1. Жаратылыстану;
2. Қоғамдық-гуманитарлық.
Қатысушылар тарапынан баяндамашыларға бірталай сұрақтар қойылып, пікір таласып, ой бөлісті. Барлық қатысушылар диалогтың, талқылаудың және шешімдерді әзірлеудің белсенді қатысушылары болды.


«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМІ МЕН ҒЫЛЫМЫ: ЖЕТІСТІГІ, БОЛАШАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ «ТӨЛЕГЕНОВ ОҚУЛАРЫ-2021» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2021 жылдың 12 сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында «Тәуелсіз Қазақстанның білімі мен ғылымы: жетістігі, болашағы» тақырыбында «Төлегенов оқулары-2021» Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Негізі 1972 жылдың 12 сәуірінде қаланған Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты келер жылы 50 жылдық торқалы тойын атап өтпекші. Мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары бекітілген. Осы өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аталған мерейтойдың бастауы болды.
Конференцияның мақсаты: Қазақстанның қазіргі таңдағы білім мен ғылымның өзекті мәселелерін қарастыру.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушылары алдында кіріспе сөзді АрқПИ Басқарма Төрағасы-Ректор г.ғ.д., профессор С.Б.Қуанышбаев бастады.
Конференция баяндамашылары: «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының» президенті, PhD доктор Бейсембаев Ғани Бектайұлы (Заманауи білім мен ғылымның өзекті мәселелері); «Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры, т.ғ.д., профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы (Заманауи тарихтың теориялық мәселелері); В.П.Астафьев (Ресей) атындағы Краснояр мекмлекеттік педагогикалық университетінің «Математика және математиканы үйретудегі әдістемесі» кафедрасының профессоры, ф.-м.ғ.к., Ларин Сергей Васильевич; «Математика және математиканы үйретудегі әдістемесі» кафедрасының профессоры, п.ғ.д., Майер Валерий Робертович (О концепции учебного пособия «Аналитическая геометрия с анимационными рисунками»); Назарбаев зияткелік мектебі, Шымкент қаласы, биология пәнінің модератор-мұғалімі Есенова Гауhар Сайлауқызы (Саралап оқыту арқылы академиялық үлгерімді дамытуға бағытталған іс-әрекеттегі зерттеу); Тарих пәнінің эксперт-мұғалімі Ибраева Алтынай Макатовна; АрқПИ профессоры, ф.ғ.к., Конкина Гүлбаршын Спанқызы («Мәңгілік ел» ұлттық идеясы және Алаш тағылымы: тарихи сабақтастық мәселелері) болды.
Конференция аясында келесі бағыттар бойынша 2 секция жұмысы ұйымдастырылды:
1. Жаратылыстану пәнін оқытудың заманауи технологиялық бағыттары
2. Гуманитарлық пәндерді оқытудың басты мәселелері
Баяндамашылар қатысушылар тарапынан сұрақтарға жауап берді. Барлық қатысушылар диалогтың, талқылаудың және шешімдерді әзірлеудің белсенді қатысушылары болды.


«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТӘРБИЕ БАСТАУЫ РЕТІНДЕ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі өткізген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ұлт қайраткері, этнограф – ғалым , Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 90 жыл,

Ұлы даланың ұстазы атанған Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық құндылықтар тәрбие бастауы ретінде: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбындағы республикалық ғылыми - тәжірибелік конференциясының пленарлық мәжілісінде "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының аға оқытушысы, магистр, АрқПИ доценті Ардақ Әмірханқызы Абдуллина «Ыбырай Алтынсарин шығармаларының стильдік бояуы» тақырыбында баяндама жасады.


«АЛТЫНСАРИН ОҚУЛАРЫ - 2021» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕЦИЯСЫ

5 ақпан күні Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында «Алтынсарин оқулары - 2021» дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы онлайн форматта өткізілді.

Осы жылы конференция "Жаһандық қайшылықтар мен өзгерістер дәуіріндегі Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасы" тақырыбына арналды.
Онлайн іс-шара қазақ даласында білімнің шырағын жағып, ұлт ұстазы атанған Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына ұйымдастырылған.
Іс-шараның кіріспе бөлімінде Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының Басқарма Төрағасы - Ректор, г.ғ.д. Сейтбек Қуанышбаев құттықтау сөз сөйледі.
Пленарлық отырыс барысында Мугла Сыткы Кочман университетінің профессоры, ф.ғ.д (Турция) Екрем Аян «Қазақстандық білім беру жүйесінің негізін қалаушы Алтынсарин және қазіргі білім беру тәсілі» атты баяндамасын ұсынды. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ФМБОУО "Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің" Педагогика және психология институтының отбасылық білім педагогикасы және психологиясы кафедрасының меңгерушісі (Ресей, Мәскеу қ.) Приступа Елена Николаевна «Профессиональные образование специалистов социальной сферы»; Мугла Сыткы Кочман университетінің профессоры, ф.ғ.д (Турция) Доктор Мурат Сакал «Experiences in the Context of Students, Teachers and Institutions in Distance Education»; Психология ғылымдарының кандидаты, "Севастополь мемлекеттік университеті" Федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесінің гуманитарлық-педагогикалық институтының доценті (Ресей, Севастополь қ.) Ерина Инобат Аъзамкуловна «Взгляд студентов на систему высшего образования в условиях пандемии»; Педагогика ғылымдарының кандидаты, Ө.А Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің педагогика, психология және филология кафедрасының доценті Абитаева Роза Шанракбаевна «Актуальность дидактических идей И.Алтынсарина в условиях обновленного содержания образования»; Гуманитарлық ғылымдар магистрі, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Аймағамбетұлы Роман «Алтынсарин шығармаларының рухани құндылықтарды жаңғыртудағы рөлі».
Халықаралық конференцияны өткізу аясында әр түрлі бағыттар бойынша 2 секция жұмысы ұйымдастырылды:
1 / Ы.Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметінің құндылықты негіздері
2 / Ы.Алтынсариннің жаһандық сын-қатерлер мен өзгерістер дәуіріндегі педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Аталған конференция Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасын зерттеу бойынша тәжірибе алмасу, тарату және жалпылау, оның идеяларын жаһандық сын-қатерлер мен өзгерістер дәуірінде заманауи білім беру жүйесінде жүзеге асыру бойынша пікір алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған пікірталас алаңына айналды.


«ҚАЗАҚСТАН –ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2020 жылдың 12 қараша күні сағат 15.00-де Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында ZOOM платформасында бейне –конференция формасында Қазақстан тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасы және Рухани жаңғару жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Қазақстан – Түркі әлемінің бесігі» атты республикалық ғылыми конференциясы өткізілді.

Мақсаты - «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласының бір тармағы Қазақстан түркі әлемінің бесігі тақырыбын терең ашу, ата-бабамыздың адамзат даму тарихына қосқан үлесің түсіндіру арқылы тарихымызбен, салт-дәстүрімізге, тілімізбен ұлы тұлғаларымызды танып білуге деген қызығушылықты және патриоттық сезімді арттыруға ықпал жасау.
Конференцияға тарихшылар, білім саласының қызметкерлері, докторанттар, магистрлар, студенттер және арнашақырылған қонақтар. Жалпы саны 100- ден аса адам қатысты.
Ғылыми - практикалық конференция баяндамашылары:
Модератор: Конкина Гулбаршын Спановна – Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының Тарих және өнер факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты.
Қуанышбаев Сейітбек Бекенұлы – Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының Басқарма Төрағасы-Ректор м.а. г.ғ.д., профессор құттықтау сөзі.
Смағұлов Нұртас Бірлікұлы - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті тарих факультеті деканының ғылыми істер жөніндегі орынбасыры, тарих магистрі, аға оқытушы.
Баяндама тақырыбы: Екінші түрік қағанатының идеологы, мемлекеттік бас кеңесшісі Тоныкөктің саяси тұлғасы және қағанаттың жүргізген сыртқы саясаты
Сейтказина Құралай Отаубаевна- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультеті деканының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кондидаты, доценті
Баяндам тақырыбы: Көрнекті мемлекет қайраткері Нығмет Нұрмақовтың қоғамдық-саяси қызметі
Елеусов Баубек Аймаханұлы – Педагогикалық ғылымдар магистры, аға оқытушы.
Баяндама тақырыбы: Бар өмірін Әл-Фараби бабамызға арнап, қазақ еліне, түркі әлеміне қайтарған біртуар ғалым Әл-Машани.


«АБАЙ ӘЛЕМІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

2020 жылы 9 қазанда Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай әлемі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференция Абайдың рухани мұрасының педагогика саласындағы маңызы мен рөлін ғылыми тұрғыда саралау мақсатында қашықтан өткізілді. Онлайн іс-шара ұлы ақынның 175 жылдығына орайластырылған. Конференцияда Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының ректоры г.ғ.д. Сейтбек Қуанышбаев құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараға Оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры т.ғ.к. Нұрлыхан Темірбеков, «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің деканы ф.м.ғ.к.,доцент, Әбілхан Үмебтұлы, «Педагогика және филология» факультетінің деканы ф.ғ.к. Айбек Қалиев, «Тарих және Өнер» факультетінің деканы ф.ғ.к. Гүлбаршын Спанқызы және профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Пленарлық отырысқа Түркиядағы Абайтанушы Екрем Аян «Бір ғасырдың айнасы –Абай Құнанбаев және қара сөздер»; «Дулат және Абай: Дәстүр сабақтастығы» атты баяндамасымен Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «Журналистика» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Серікзат Дүйсенғазин; Абай мен Ахметтің үндестігі жайында Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының аға оқытушысы, магистр, АрқПИ доценті Ардақ Абдуллина қатысты.
Халықаралық конференцияны өткізу аясында әр түрлі бағыттар бойынша 2 секция жұмысы ұйымдастырылды:
1. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде Абайдың рухани мұрасын оқыту мәселелері.
2. Абай тағылымы және қазіргі педагогика ғылымы
Аталған конференция Абайдың рухани мұрасының педагогика саласындағы маңызы мен рөлін ғылыми тұрғыда саралау бойынша пікір алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған пікірталас алаңына айналды. Конференция қорытындысы бойынша ғылыми еңбектердің электронды жинағы жарық көрді. Конференция материалдарының жинағына 50-ден астам ғылыми мақалалар енгізілді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ