Корпоративтік оқиғалар

Корпоративтік оқиғалар
• 01.07.2020 ж.
o Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 11 қазандағы № 752 қаулысының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты»коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» 2020 жылғы 28 мамырдағы № 326 бұйрығы негізінде 2020 жылдың 30 маусымында «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналу арқылы қайта құруды аяқтады.


• 10.08.2020 ж.
o «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге алғаны туралы хабарлайды, ол туралы 2020 жылдың 10 тамызында №KZ85VGZ00000314 бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілді. Шығарылым 1 214 694 (бір миллион екі жүз он төрт мың алты жүз тоқсан төрт) жай акцияларға бөлінген, оларға KZ1C00014075 халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) берілген. Бір акцияның номиналды құны 1 000 (бір мың) теңге.


• 23.09.2020 ж.
o Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйегіндегі «Кейбір коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің мәселелері туралы» № 408 бұйрығымен «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 6 (алты) мүшеден тұратын Директорлар кеңесінің құрамы анықталды.
Директорлар кеңесіне сайланды:
Тойбаев Әділет Жүнісұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.
Иванова Анна Олеговна – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Меншіктің мемлекеттік мониторингі, сенімгерлік басқару және концессия басқармасының басшысы.
Қожақова Жанат Хасенқызы – «Арқалық қаласының білім бөлімі» ММ басшысының орынбасары.
Малғаева Алена Сәрсенбайқызы – Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары.
Жонтаева Жаңыл Алпамысқызы – «Назарбаев Университеті» ДБҰ Жоғары білім мектебінің қосымша білім департаментінің директоры, тәуелсіз директор.
Мусин Дамир Маратұлы – «Kazakh Invest» ҰК АҚ жобалық қаржыландыру жөніндегі директоры, тәуелсіз директор.


• 01.10.2020 ж.
o Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 01 қазандағы шешімімен (№1 хаттама) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Жүнісұлы Тойбаев Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды


• 05.10.2020 ж.
o Директорлар кеңесінің 2020 жылдың 01 қазандағы шешіміне сәйкес (№1 хаттама) «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ-ның Басқарма төрағасы – Ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

 

• 23.11.2020 ж.
o Абдрахман Рашид "Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты" КЕАҚ Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы болып тағайындалды (23.11.2020 жылғы №3 хаттама)

 

• 30.11.2020 ж.
o Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 30.11.2020 жылғы №145-жқ бұйрығымен Қуанышбаев Сейітбек Бекенұлы «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректоры болып тағайындалды.

 

• 31.12.2021 ж.
o Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №628 31.12.2021 жылғы бұйрығымен «Кейбір коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің мәселелері туралы» Қазақстан Рсепуликасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 23 қыркүйегіндегі №408 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамында Тойбаев Әділет Жүнісұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

Әмірбекұлы Ержан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары.

 

• 19.05.2022 ж.
o Уткельбаева Асель Сеитхановна «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы болып тағайындалды (20.04.2022 жылғы №2 хаттама).

 

• 14.07.2022 ж.
o Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 14.07.2022 жылғы №325 бұйрығымен «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор болып Мұқанова Марина Азаматқызы – «Балдырған - Ә» ЖШС балабақша меңгерушісі сайланды.

 

• 19.10.2022 ж.
o Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрінің 2022 жылғы 19 қазан № 5-ЖҚ бұйрығымен Әмірбекұлы Ержан «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректоры болып тағайындалды.

 

• 18.01.2023 ж.
o Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 18 бұйрығымен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құзыреті мерзімінен бұрын тоқтатылып, 6 (алты) мүшеден тұратын ДК жаңа құрамы сайланды.
Директорлар кеңесіне сайланды:
Нарбекова Бану Мұқатайқызы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті төрағасының орынбасары.
Иванова Анна Олеговна – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Меншіктің мемлекеттік мониторингі, сенімгерлік басқару және концессия басқармасының басшысы (келісім бойынша).
Ержан Әмірбекұлы – «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Басқарма Төрағасы – Ректоры.
Мусин Дамир Маратұлы – «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жобалық қаржыландыру жөніндегі директоры, тәуелсіз директор (келісім бойынша). 

Омаров Бахыт Серікбайұлы – «KazTransCargo Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, тәуелсіз директор (келісім бойынша).  
Изатов Руслан Меңғалиұлы – Development компания тобының қаржылық директоры, тәуелсіз директор (келісім бойынша).

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502