Ақылы негізде оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау процесі

Оқуға түсуші ҰБТ-ға қатысушылардың деректер базасына тіркелу үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы https://app.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша онлайн өтініш береді. ҰБТ тапсыру мерзімі туралы толық ақпаратты https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/ent/edinoe-natsionalnoe-testirovanie-ent/ сілтемесі бойынша алуға болады.

Білім алушыларды оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының кез келген педагогикалық ЖОО да тапсыруға болатын арнаулы емтихан нысанындағы нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Арнаулы емтихан «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» нысанында бағаланады.
Арнаулы емтихан нәтижелері өткізілген күні жарияланады.
Арнаулы емтихан өту нәтижелері бойынша оқуға түсушіге арнайы емтихан тапсыру орнына қарамастан, педагогикалық ЖОО ға ұсыну үшін рұқсат беру ведомосынан үзінді көшірме беріледі.
«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында» КеАҚ-да арнаулы емтиханды тіркеу кестесі мен тапсыру мерзімдері ЖОО-ның ресми api.edu.kz сайтында жарияланады.
Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға (орынға) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.
Ақылы негізінде оқу үшін жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 75 балл жинаған тұлғалар жіберіледі. Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша және (немесе) шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет.
Ақылы негізінде оқу үшін талапкерлерді институттың қабылдау комиссиясына өтініш пен құжаттар топтамасын мен ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында көрсетілген.
Ақылы негізінде оқу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі:
20.06.2024 – 24.08.2024

Студенттерді институтқа ақылы негізде оқуға қабылдауды институттың қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. Құжаттарды қабылдағаннан кейін ЖОО басшысы студент қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ