Конференциялар 2016 жыл
Институттың стратегиялық дамыту жоспарын жүзеге асыру аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру мақсатында 2015 жылдың 27 қараша күні «Болашақ педагогтардың ғылыми құзыреттілігін қалыптастырудағы инновациялық үдерістер» тақырыбында «Алтынсарин оқулары - 2015» сырттай республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. 105 ғылыми мақала жинақталды. Конференцияға Костанай педагогикалық институты, Астана қаласының педагогикалық колледжі, Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі және Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылар құрамы қатысты. Жинақталған мақалалар бойынша дәстүрлі жинақ кітабы шығарылды.
2016 жылдың 25 ақпан күні «Заманауи білім беру үрдісінде білім алушылардың зерттеу құзіреттілігін дамыту» тақырыбында «Төлегенов оқулары-2016» ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
Конференцияның мақсаты: білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерді қарастыра отырып, педагогикалық зерттеулер мен практикалық жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу.
Конференцияның өткізілу тілдері: қазақ, орыс
Конференция келесі секциялар бойынша жұмыс жүргізеді:
-Жаратылыстану ғылымдары
-Педагогика және филология
-Тарих және өнер.«Төлегенов оқуларына» қатысамын деушілер конференция мәліметін төмендегі көрсетілген сілтемеден қарай алады: word Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында 2016 жылдың 18 ақпан күні кезекті «Қазақстан-2050» индустриялды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың аймақтық мүмкіндіктері» тақырыбындағы кафедраішілік конференциясы болып өтті.
Конференцияның мақсаты - аймақта білім және ғылымға негізделген қоғам контексінде икемді мамандар даярлауды жетілдіру керектігін айтып өтті. Конференция жұмысына 27 баяндама ұсынылды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын іске асырудың нәтижесінде қазақстандық білім беру жүйесі “ғұмыр бойғы білім” ұстанымынан “ғұмыр бойғы баршаға арналған білім” ұстанымына көшуді; білім берудің барлық деңгейінің қол жетімділігін және сабақтастығын; нәтижеге бағдарланған толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті білім беруді қамтамасыз етуге тиіс деп көрсетілген. Секциялар жұмысында келесі тақырыптар бойынша өтті:
1. Секция: «Білім берудегі индустриялды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың мүмкіндіктері» (2-3 курс студенттері)
2. Коучинг: Білім берудегі АКТ (3 курс)
3. Стендтік баяндамалар: «Жасыл экономика» және тұрақты даму (1 курс)
4.Семинар-тренинг: Жаратылыстану пәндерін оқытуда аймақтық өндірістік материалдарды қолдану
Секция жұмысы бойынша
1 дәрежелі дипломмен Қожантай Ұ.Қ. (Х-31 тобы),
2 дәрежелі дипломмен Кәрім Т.С. (Б-41 тобы),
3 дәрежелі дипломмен А.Набиева (Г-31 тобы) марапатталды.
Конференция барысында студенттердің қызығушылығын арттырған жұмыс – стендік баяндамалар. Стендік баяндамаларды дайындау әдісі, мазмұнының ғылымилығы, студенттердің стендтік баяндаманы қорғау техникасы, безендірілуіне қойылатын талаптарға сәйкестігіне байланысты төмендегідей марапатталды:
1 дәрежелі дипломмен ПП - 11 тобы;
2 дәрежелі дипломмен РКШ-12тобы;
3 дәрежелі дипломмен ИР – 12 тобы.
2016 жылдың 24 ақпанында институттың профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен «Ғылыми жобаларды әзірлеу жолдары мен ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті. Семинар жұмысы жоба туралы түсініктерді нақтылаудан басталып, семинар мақсаты жоғары оқу орындарындағы зерттеу жұмыстарын жетілдіре отырып, ғылыми жобалармен жұмыс істеу туралы ақпарат беру жұмыстарымен жалғасты. Семинардың негізгі ұйымдастырушысы Қостанай мемлекеттік университетінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты Кудубаева Сауле Альжановна ғылыми жоба жасау жолдары мен ерекшеліктері, республикалық гранттарға құжаттарды дайындау туралы мәліметтер берді. Сонымен қатар, семинар қатысушыларының импакт –факторлы мақалаларды дайындау, ғылыми жобалар туралы сұрақтары бойынша пікір алмасулар болды. Ғылыми-әдістемелік семинар жұмысы өз деңгейінде өткізілді.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 2016 жылы 25 ақпан күні «Заманауи білім беру үрдісінде білім алушылардың зерттеу құзыреттілігін дамыту» тақырыбында «Төлегенов оқулары» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
Конференцияның мақсаты: білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерді қарастыра отырып, мұғалімдердің педагогикалық зерттеулері және тәжірибелерімен алмасу болды.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жұмыс жүргізді:
• Жаратылыстану ғылымдары
• Педагогика және филология
• Тарих және өнер.
Конференция материалдары ғылыми мақала жинағы түрінде басылып шығарылды. Конференцияға Қазақстанның түпкір-түпкірінен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары қатысты. Атап айтатын болсақ: Л. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Ш. Құдайбердиев атындағы Семей мемлекеттік университеті, Қостанай педагогикалық институты, Арқалық гуминатарлық колледжі және Арқалық қаласының мектептері.
2016 жылғы 11 наурыз күні АрқМПИ базасында «Жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың білім беру мазмұнын жетілдіруде алатын орны мен ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференция жұмысына А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ғалымдары, Арқалық қаласының гуманитарлық және политехникалық колледждерінің оқытушылары, қала мен ауыл-аймақтағы жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері. Конференцияның пленарлық бөлімін ғылыми және халықаралық байланыстар жұмысы жөніндегі институт проректоры, п. ғ. к. Мұсабекова Гүльвира Айдархановна өткізді.
Пленарлық мәжілісте баяндама жасағандар: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ф-м.ғ.к. К. Б Рахметова. «Қашықтықтан білім беру технологиясында Moodle автоматтандырылған жүйесінің қолданылуы»; А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің PhD докторы Г.Ж. Берденова "Модульная объектно-ориентированная динамическая обучающая среда"; Н.Құлжанов атындағы Торғай гуманитарлық колледжі директорының орынбасары Н.К.Мұханова "Педагогикалық колледждің оқыту үрдісінде жаңа совет қолданудың мәні және оның қажеттілігі"; Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның мұғалімі Г. Е. Алимгереева «12 жылдық мектепте macromedia Flash, Adobe Photoshop бағдарламасын қолдану арқылы оқушыларда коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру»;" Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ информатика кафедрасының меңгерушісі А.М.Алматова Құзіретті мамандарды даярлаудағы жаңа ақпараттық технологиялар"; Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ педагогика ғылымдарының магистрі П.С.Әжібекова «Оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың ерекшеліктері».
Секциялық отырыс «Табиғи бағытта жаңа ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері» және «Гуманитарлық пәндерді оқытуды ұйымдастыруда инновациялық технологиялардың маңыздылығы» бойынша жүргізілді. Конференция қорытындысы бойынша мақалалар жинағы шығарылды.
"Кәсіби-педагогикалық білім берудегі инновацияларды жобалаудың ғылыми негіздері" атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция
2016 жылдың 14 сәуірінде Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында «Кәсіби-педагогикалық білім берудегі инновацияларды жобалаудың ғылыми негіздері» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның пленарлық отырысында құттықтау сөз және келесі тақырыптарда баяндамалар оқығандар: г. ғ. д., академик, АрқМПИ ректоры Сейітбек Қуанышбаев, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, пед.ғ.д., Ғалиябану Кертаева «Инновации в профессионально-педагогическом образовании: деонтологический аспект»; ф.ғ.д., Е. Бокетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Жандос Смағұлов «Сыни тұрғында оқытудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызы»; п. ғ. к., Жезқазған университетінің доценті Зәмзәгүл Кашкинбаева «К вопросу развития высшего образования на современном этапе»;
АрқМПИ магистрі, математика және физика кафедрасының меңгерушісі Манат Қожахмет "Математика және физика кафедрасының ғылыми-білімділік ортасына инновациялық жобалауды енгізу"; АрқМПИ магистрі, информатика кафедрасының меңгерушісі Асем Алматова «Құзіретті мамандарды даярлаудағы жаңа ақпараттық технологиялардың ерекшіліктері»; АрқМПИ PhD докторы, Жанна Абдрасулова «Жоғары оқу орындарында биологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізудің инновациялық әдістері» тақырыбында баяндамаларын жасады. Баяндамашыларға институт ректорының сертификаттары және алғыс хаттары табысталды.
Пленарлық отырыстан кейін ең үздік 2015-2016 оқу жылының ғылыми жұмысы үшін АрқМПИ Ректорының сыйақысы тағайындалған сыйлықты алуға арналған конкурстың жеңімпаз студенттерін марапаттау рәсімі өтті. Үшінші орынды Аяжан Жорабекова, Арайлым Төлеуханова Мұрат Әлемнұр иеленсе, екінші орынға екі студент Алмас Сарбозов, Ділда Гүлден қол жеткізді және бірінші орынға педагогика және филология факультетінің студенті Гаухар Әбдімәлікова ие болды.
Конференция жұмысы 4-ші-секция мәжілістерімен жалғасты: «Ұлт жоспарын жүзеге асыру жағдайында кәсіби және кәсіби-педагогикалық білім беру мазмұнының әзірлемесі»; «Білім беру, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар»; «Білім беру инновациясының даму психологиясы»; «Білім беру үрдістері және оларды басқаруды ұйымдастырудың заманауи әдіс-тәсілдері».