Маркетинг және коммуникация бөлімі
Маркетинг және коммуникация бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі – Институт).
Бөлім өз қызметін институттың құрылымдық бөлімшелерімен, кәсіпорындармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, министрліктермен, ведомстволармен және басқа да органдарымен «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ Жарғысы, институттың даму стратегиясы және институттың ішкі нормативтік құжаттары негізінде жүзеге асырады.
Байланыс ақпараты:
Дс-жм. 9.00-18.00
Мекен-жай: 110300, Арқалық, Ауельбеков к., 17, кабинет 222
Тел.: 8 (71430) 7-24-88, ішкі телефон - 194
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Негізгі мақсаттары:
- білім беру қызметінің ішкі және сыртқы маркетингтік зерттеулерін жүргізу;
- институт брендінің имиджі мен беделін қалыптастыру және жақсарту;
- институт қызметтері мен өнімдерін сатуды ынталандыру үшін жарнамалық науқандарды жоспарлау және өткізу;
- институт басшылығы анықтайтын ақпараттық саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу;
- институттың және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;
- институттағы маңызды оқиғалар туралы ресми хабарламаларды дайындау және бұқаралық ақпарат құралдарында жедел тарату;
- бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен институт пен оның бөлімшелерінің қызметі туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру;
- әлеуметтік желілер, интернет сайттары, хабарламалар мен сұхбаттарға арналған түрлі бағдарламалық құралдар арқылы қоғаммен байланысты қамтамасыз ету;
- институт пен оның бөлімшелерінің қызметін объективті түрде қамту мақсатында мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен, сондай-ақ басқа да ақпараттық қызметтермен және ұйымдармен өзара байланыстарды орнату;
- бұқаралық ақпарат құралдарының сөйлеген сөздері мен шешімдеріне қатысты ұстанымын және оларға баспасөзде, теледидарда, радиода берілген жауаптар туралы, қоғамдық пікірдің жай-күйі туралы талдау және институт басшылығын жедел хабардар ету;
- өз құзыреті шегінде отандық және шетелдік ақпараттық агенттіктердің, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының институт қызметі бойынша материалдар дайындауға жәрдемдесу туралы өтініштерін қарайды.
Бөлім қызметкерлері
Қанат Көркемжан Бақытжанқызы
Баспасөз хатшысы