БУРИБАЕВ СЕМБЕК АРГЫНБАЕВИЧ

Қызметі: «Бас есепші»
Телефон: 8 (71430) 7-24-62
 

Қызмет бағыты

Қаржы-экономикалық орталық Университеттің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Орталық өз қызметiнде: «Бухгалтерлiк есеп туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алады. «Стандарттау туралы», «Сертификаттау туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы», Салық кодексі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық құжаттары және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілері, АрқПУ Жарғысы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеттің стратегиялық даму жоспары, ішкі регламенттер және осы Ереже. Қаржы-экономикалық орталығының құрылымы мен құрамы институттың штаттық тiзiмiмен айқындалады.
Негізгі міндеттер:
- кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін есепке алуды ұйымдастыру;
- мүлiктiң сақталуына, қаражат пен материалдық құндылықтардың дұрыс жұмсалуына, экономиканың қатаң режимi мен шаруашылық есебiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына жеткiзушiлердiң, сатып алушылардың, кредиторлардың, мемлекеттiк органдардың, банктердiң және басқа да мүдделi тұлғалардың пайдалануы үшiн қажеттi қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелерi және дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайының өзгеруi туралы толық және дұрыс ақпарат қалыптастыру;
- ішкi және сыртқы қаржылық есептiлiктi пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының шаруашылық операцияларды жүзеге асырудағы заңнамасының сақталуына және олардың орындылығына бақылау жасау үшiн қажеттi ақпарат беру.
- экономикалық қызметтің теріс нәтижелерінің алдын алу және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ішкі резервтерді айқындау.
- мүліктің болуын және қозғалысын, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау.

Қызметі:

- кәсіпорынды жедел басқару талаптарына жауап беретін бухгалтерлік есепті дұрыс және ұтымды ұйымдастыру және бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген ережелерін қатаң сақтау;
- ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану негізінде есепке алудың озық нысандары мен әдістерін енгізу;
- кәсіпорынның негізгі құралдарын, шикізатын, материалдарын, отынын, дайын өнімін, қолма-қол ақшасын және басқа құндылықтарын, өндірістік және айналыс шығындарын, шығыстар сметасын орындауды есепке алуды ұйымдастыру;
- кәсiпорын қызметкерлерiмен еңбекақы төлеу жөнiндегi есеп айырысуды ұйымдастыру;
- өндіріс құнының есептерін, бухгалтерлік баланстар мен қаржылық есептілікті дайындау;
- өнімнің жекелеген түрлерінің құнын есептеуді жетілдіру, өндірісті есепке алудың стандартты әдісін енгізу және өндіріс құнын есептеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
- мемлекеттiк салықтарды, пайдадан мемлекеттiк бюджетке аударымдарды, сондай-ақ күрделi қаржыны қаржыландыруға және күрделi жөндеуге арналған амортизациялық қор қаражатын уақтылы есептеу және бақылау, банк мекемелерiне берiлген кредиттердi уақтылы өтеу;
- ақша ағындарымен, салықтарды есептеумен және аударумен, пайдадан және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдерден аударымдармен байланысты операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында құжаттық көрсетілуін қамтамасыз ету;
- дұрыс бастапқы құжаттардың және тиісті бухгалтерлік жазбалардың негізінде қаржылық есептілікті дайындау, оны тиісті органдарға уақтылы ұсыну;
- ішкі резервтерді анықтау, шығындар мен өнімсіз шығыстарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдауды жүзеге асыру (басқа қызметтермен бірге);
- тиімді жоспарлау және есепке алу құжаттамасын әзірлеуге, ішкі есепке алу саласын енгізу, жетілдіру және кеңейту бойынша әдіснамалық басшылық пен жұмысты ұйымдастыруға қатысу;
- белгiленген тәртiпке сәйкес бекiтiлген бастапқы есепке алу құжаттамасының стандартты бiрыңғай нысандарын қолдану, осы құжаттаманы орындау тәртiбiн қатаң сақтау.Белгіленген тәртіпке сәйкес есепке алу құжаттары мен есепке алу мұрағаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

Қызметкерлері:

Жетписбаева Айгуль Избасаровна

Қызметі: материалдық есепші

Нұржан Айнагүл Ахметқалиқызы

Қызметі: еңбек ақыны есептеу есепшісі

Умирбаева Арайгүл Абдикаримовна

Қызметі: негізгі құралдардың жұмыс жүргізетін есепші

Иншибаева Гульнар Утемисовна

Қызметі: студенттермен жұмыс жүргізетін есепші

Абдрахман Рашид

Қызметі: мемлекеттік сатып алу маманы

Сейткасимова Гаухар Биримжановна

Қызметі: мемлекеттік сатып алу маманы

Тулеубаева Замзагүл Сагидоллаевна

Қызметі: қойма меңгерушісі

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ