"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес 2021 жылдан бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жоғары оқу орындары білім туралы өз құжаттарын беретін болады. Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттардың түрлері: бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом.
Білім алушылардың қорытынды аттестаттаудан өткені туралы куәландыратын және олардың тиісті білім деңгейін толық көлемде меңгергенін растайтын аттестаттау комиссиясының шешімі өзіндік үлгідегі құжаттарды беру үшін негіз болып табылады.
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында диплом мен оның Қосымшаларының мазмұнына келесілер кіреді:
1) институттың атауы;
2) түлектің Тегі, Аты, Әкесінің аты;
3) білім беру бағдарламасының коды және атауы;
4) берілетін дәреже;
5) дәреже беру туралы аттестаттау комиссиясының отырысы хаттамасының күні мен нөмірі;
6) оқыту нысаны;
7) Басқарма Төрағасы – Ректордың қолы;
8) реттік тіркеу нөмірі;
9) берілген күні мен орны;
10) институт мөрі;
11) бітіруші дипломының нөмірі және QR-коды.