2020 жылғы 21 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған салтанатты рәсімге қатысты. Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев жыл бойы еліміздің барлық аймақтарында және шет елдерде өтетін мерейтойлық іс-шараларға ресми бастама берді.
 Ел Президенті атап өткендей, мерейтойды кең ауқымда атап өту емес, Лайықты ұрпақты тәрбиелеу үшін Абайдың философиялық ой-пікірлерін барынша кеңінен насихаттау. 
 Абай Құнанбаев - ұлы ақын, композитор, ойшыл, ағартушы және қоғам қайраткері. Абай өмірі мен шығармашылығы – өз еліне қызмет етудің жарқын үлгісі.
Ы. Алтынсарин атындағы АрқМПИ-да Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралардың медиа-жоспары құрылды. Абай жылының басты шарасы "Абай әлемі" республикалық конференциясы болады, оған ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ПОҚ, білім алушылар белсенді қатысады. Сонымен қатар дөңгелек үстелдер, айтыстар, Абай оқуларын өткізу, шығармашылық біліміне конкурстар, Абай өлеңдерін үздік оқу және әндерді орындау, "Елім - Абай, жерім - Абай" концерттік бағдарламасы, челленджті өткізу жоспарланған.
 Іс – шараның мақсаты-қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасын сақтау және насихаттау, жастардың бойында патриоттық сезімді, өз халқының тарихына қатыстылығын қалыптастыру, дарынды жастарды анықтау және олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруда қолдау көрсету, көркем талғамға тәрбиелеу және жас орындаушыларды отандық мәдениет пен өнердің үздік үлгілеріне тарту. Алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралар кешені осыған бағытталған.

 

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ