2020 жылдың 25 мамырында Химия, биология және география кафедрасының аға оқытушысы, PhD А.Т.Ермекбаева, аға оқытушы магистр М.С.Амиров және оқытушы Қ.К.Хамитовалардың жетекшілігімен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына арналған «Ғылым таппай мақтанба» тақырыбындағы қалалық мектеп оқушыларының онлайн форматтағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы өткізілді.Онлайн ғылыми-зерттеу конкурсын өткізудегі негізгі мақсат - оқушылардың ғылыми шығармашылыққа қызығушылығын қалыптастыру, ғылыми-зерттеу міндеттерін өз бетінше шешу әдіс-тәсілдерін және ғылыми ұжымдарда жұмыс істеу дағдыларын үйретужәне дарынды оқушыларды анықтау, ғылымның өзекті мәселелерін шешу үшін олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін жетілдіру.
1. Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін гимназиясы» 7 «Б» сынып оқушысы Бекенова Дина Аккожаевна. Тақырыбы: Өмірдің өзі – математика. Жетекшісі: Мырзалиева Жүзікжамал Бекенқызы, математика пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі. (1 орын).
2. А.Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін №6 мектеп-гимназиясы3 «В» сынып оқушысы Мұхаметжан Нұрхан. Тақырыбы: «Абай табиғат жыршысы». Жетекшісі:Жаканова Айман Уразаковна. (2 орын).
3. Общеобразовательная средняя школа №1 имени Ш.Уалиханова ученица 6 «Б» класса Мукашева Акбота. Тема: Вечная поэзия Абая. Руководитель: Сапакова Жанна Мукашевна (3 орын).
4. Шоқан Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 «А» сынып оқушысы Сайлаубек Нурбибі Женисбекқызы. «Абай және музыка әлемі». Жетекшісі: Сапакова Жанна Мукашевна. (Алғыс хат)
5. Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін гимназиясы»7 «Б» сынып оқушысы Сапарбаева Мерей Тақырыбы: Абай Құнанбаев өлеңдері мен қарасөздерінің үндестігі. Жетекшісі: Коныршина Е.С. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. (Алғыс хат)
6. Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін гимназиясы». 7 «Б» сынып оқушысы Фазыл Айханым.Тақырыбы: «Абай Құнанбаев өлеңдерінің көркемдік әлемі». Жетекшісі: Коныршина Е.С. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. (Алғыс хат)