Білім беру бағдарламалары

5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім бакалаврының біліктілік сипаттамасы.

Кәсіби қызмет саласы:
5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет салалары:
-білім беру;
-дене тәрбиесі;
-спорт (бұқаралық спорт түрлері,балалар мен жасөспірімдер спорты,параолимпиадалық спорт)болып табылады.
Кәсіби қызмет нысандары:
5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет нысандары:
-мемлекеттік,қоғамдық,жеке меншік білім беру мекемелері (мектепке дейінгі,мектеп,техникалық және кәсіптік білім беретін,орта білімнен кейінгі оқу орындары),балалар спорт мектептері мен клубтары;
-мемлекеттік мекемелер,дене шынықтыру мен спорттық қызметті басқару ұйымдары болып табылады.
Кәсіби қызмет пәні.
5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет пәні:дене тәрбиесі,спорттық жаттығу,рекреация және қайта қалпына келтіру жүйесін іске асыру бойынша педагогикалық процесс болып табылады.
Кәсіби қызмет түрлері:
5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет түрлері:
-білімдік (педагогикалық):
-ұйымдастыру-басқару;
-эксперименттік-зерттеу;
-ұйымдастыру-технологиялық;
-жаттықтырушылық (спорттық);
-оқу-тәрбиелік болып табылады.
Кәсіби қызмет функциялары:
5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің негізгі функциялары:
-дене шынықтыру мен дене тәрбиесі оқытушының тәрбиелік,білім беру,спорттық,ұйымдастыру және сауықтыру жұмыстары;
-спорт түрлері бойынша жаттықтырушы ретінде мектепке дейінгі және мектептегі оқу мекемелерінде спорт түрлері бойынша топтарда жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу;
-жаттықтыру процесін ғылыми тұрғыдан негізделген жаттығу құралдарымен және әдістерімен қамтамасыз ету;
-дене шынықтыру мен спорт бойынша,жарыстар өткізу және төрешілік жасау,оқу орындарында,клубтарда,мекемелерде спорттық мерекелерді өткізу және жарыстарға төрешілік жасау болып табылады.
Кәсіби қызметтің типтік міндеттері:
5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім бакалавры кәсіби қызмет түрлеріне сәйкес мынадай міндеттерді шешуі:
Білім беру қызметі саласында:
-мектепке дейінгі мекемелерде,орта мектептерде,техникалық және кәсіптік оқу орындарында және басқа ұйымдарда дене тәрбиесінің ғылыми негізделген процесін жүргізуі;
-денсаулықты нығайтуға,жаттығуларды,гигиеналық іс-шараларды,және табиғаттың жаратылыс күшін пайдалану арқылы дене құрылысын жетілдіруге,активті демалыс және рекреация жүргізу арқылы дененің жұмыс қабілетін арттыруға бағытталған,дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралық түрі бойынша педагогикалық қызметті орындауы:
Ұйымдастыру-басқару қызмет саласында:
-мектептегі білім берудің оқу-тәрбие құрылымдарында дене тәрбиесі мен спорт бойынша педагогикалық қызметті ұйымдастыру және жүргізу;спорт мерекелерін жүргізу және жарыстарда төрешілік етуі;
-мектепке дейінгі оқу орындарында,мектептерде,техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде,дене шынықтыру ұйымдарында балалар мен жеткіншектердің спорт мектептерінде,спорт клубтарында сабақтан тыс уақытта дене тәрбиесі және сауықтыру жұмыстарын,сонымен қатар жазғы спорттық-сауықтыру мектеп лагерлерін және туристік базаларды ұйымдастыруы;
Эксперименттік-зерттеу қызметі саласында:
-зертханаларда,мекемелерде,балалар спорт мектептерінде,клубтарында спортшыларды және дене шынықтырумен айналысатын тұлғаларды қалпына келтіру және рекреация бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;тренажерлық құрал-жабдықтарды жасауға байланысты жобалық қызмет атқару,спорттық құрылыстарды,алаңдарды,спорттық снарядтар мен жабдықтарды жобалау барысында кеңес беру қызметін көрсетуі:
Ұйымдастыру-технологиялық қызмет саласында:
-оқу процесінде түрлі жастағы,жыныстағы,денсаулық пен дене дайындығы түрліше студенттер мен тұлғалар арасында дене шынықтыруды оқытудың жаңа технологияларын,құрал-жабдықтар,тренажерлер арқылы оқытудың оңтайлы тәртібін әзірлеуі және енгізуі:
Жаттықтырушылық (спорттық)қызмет саласында:
-спорттық жетістіктерге ағзаның,дененің қызметтік,әдіс-тәсілдік,психологиялық,зияткерлік дайындығын ғылыми негізінде жоспарлау,бақылау және бағыттауы;
-денсаулыққа зиян келтірмей жоғары спорттық нәтижелерге жету,дене шынықтырумен айналысатын тұлғалардың денсаулығын күшейту және сақтау мақсатында спортпен айналысатын жастары,жыныстары,спорттық біліктілігі әр түрлі тұлғалардың моральдік-қажырлық.отан сүйгіштігін тәрбиелеуі;
Оқу-тәрбиелік қызмет саласында:
-оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық процестің заңдары,заңдылықтары,принциптері,тәрбиелік механизмдеріне сәйкес іске асыруы:
-сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлауы:
-нақты тәрбиелік міндеттерді шешуі:
-оқушылар ұжымымен,осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен.ата-аналармен байланыс орнатуы тиіс.
Кәсіби қызметінің мазмұны
5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің мазмұны—педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыру және басқару,білім алушылардың танымдық қызмет әдістерін белсенді меңгеру бағдары,білім берудің тұлғалық маңыздылығы,барлық білім беру процесінің білім алушы тұлғаға бағытталуы,оның өзін-өзі ашуына және өзі-өзі көрсете білу мүмкіндігіне жағдай жасау,түрлі педагогикалық технологияларды қолдану,білім алушылардың кәсіби бағдарына және өз бетімен білім алуына жағдай жасау,педагогикалық қызметті педагогикалық,психологиялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс құру,дене шынықтыру және спорт бойынша білім берудің қазіргі талаптары және обьективті заңдылықтары ескерілген жеке кәсіби қызметін жоспарлау болып табылады.
5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім бакалаврының білім деңгейіне қойылатын талаптар:
Білім бакалавры:
-табиғат, қоғам, танымның жалпы заңдары, тарихи шарттылықтары, адамгершілік талаптары мен нормалары туралы,көркем шығарма мен өнерді қоғамдық тарихи құбылыс ретінде қабылдай отырып,оның мүмкіндіктерін спорттық ізгілендіруге пайдалануы;
-дүниетанымның ғылыми,философиялық,діни негізін,адам өмірінің мәні,өзінің және тұтас қоғамның денсаулығын сақтау туралы,дене шынықтыру мен спорттың қоғам өмірі мен мәдениетіндегі рөлі туралы мәселелерді адам тұлғасының дене тәрбиесіндегі,денсаулықты нығайтудағы рухани адамгершілік негізінің құралы ретінде қарастыруы;
-дене шынықтыру мен спорттың адамгершілікті,Отанға деген сүйіспеншілікті, бүкіл халықтарға деген құрмет сезімін қалыптастырудағы тәрбиелік және білімдік маңызы, басқа елдермен спорттық қарым-қатынастағы маңызы туралы;
-дене тәрбиесі сабақтары мен оқу жаттығу және жарыс барысындағы тәрбие жұмысының мақсаты, міндеті, принциптері, құралдары, әдістері және түрлері туралы түсінігі болуы тиіс;
-кәсіби қызметінде ақпаратты компьютерлік әдіспен жинауды,сақтауды,өңдеуді және қолдануды;
-шетел тілдерінің бірінен лексикалық минимумды меңгере отырып, диалог, әңгімені жалпы және кәсіптік сипатта жүргізуді, дене шынықтыру мен спорт саласындағы әдебиеттерді аударуды;
-дене шынықтырудың жалпы және ерекшілік қызметтері, дене шынықтырудың қоғамдағы әртүрлілігі мен құрылымын, дене тәрбиесінің негізгі жақтарының мақсатқа бағытталуын;
-дене шшынықтырудың бала тләрбиесі жүйесіндегі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар, жастар, орта және егде жастағы адамдарды тәрбиелеудегі маңызын;
-спорттың мәнін, оның қызметін, түрлері, қоғамдағы қызмет ету жағдайларын; даму бағыттарын, спорттық дайындық және жарыстар жүйесінінң негіздері, спортшыларды көпжылдық дайындаудың негізгі сатыларымен кезеңдерін;
-дене шынықтыру мен спорт туралы теориялық зерттеулерді қорытындылау қасиетін, ғылыми-зерттеулерге дейін жалпы ғылыми және бірлескен көзқарасын;
-дене шынықтыру сабақтарының медициналық-биологиялық және психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, мектептердегі көпшілік және базалық спорт түрлерін жетілдіруін;
-дене шынықтыру мен спортты басқарудың жүйелерін, қызметтерін, теориялық, экономикалық, құқықтық және ұйымдастыру негіздерін, дене шынықтыру спортты ғылыми тұрғыда басқару мектептерін және оның қазіргі бүлгілерін;
-спорт түрлеріне арналған кешендермен дене шынықтыру қондырғыларын құру ұстанымдарын, теориялық негіздерін, жоспарлауды есептеу және орналастырудыл;
-қазақ халқы мен басқа халықтардың этнопедагогикасы мен этнолпсихологиясының, халықтың ұлттық ойындарын, спортын, дене шынықтыру әдістерін білуі тиіс;
-жасы және жынысы, спорттық біліктілігі әр түрлі тұлщғалардың сыртқы ортаның әртүрлі жағдайындағы денсаулығын, спорттық дайындық деңгейін (ағзалық, техникалық, тактикалық, психологиялық, функционалдық және физиологиялық), дене тәрбиесі процесін әдістемелік дәлелді жоспарлау, бақылау және басқару;
-жоғары спорттық нәтижелерді, дененің жұмысқа қабілеттілігінің тиімділігін және жеке организмнің бейімделу заңдылығын ескере отырып, организмнің қосымша мүмкіндіктерін жетілдіруге қол жеткізу;
-дене шынықтыру қозғалысының түрлі буындарында ұйымдастыру көпшілік жұмыстарын іске асыру, дене шынықтыру мен спорт бойынша сабақтарды бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету және дене шынықтыру және спорттың дамуын жоспарлау;
-салауатты өмір салты мен дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды насихаттау;
-ағзаның саулылығының тиімді құралы ретінде дене шұынықтыру және спортты басқарудың түрлі деңгейіндегі менеджментпен маркетингті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру;
-педагогикалық зерттеулер, сандық және сапалық көрсеткіштерге, оларды бағалау және талдау арқылы математикалық-статистикалық деректерді кешендік бақылау, педагогикалық-психалогиялық зерттеу әдістерін қолдану арқылы өлшем нәтижелерінде талдау жасау бойынша білікті болуы тиіс;
-жасы, жынысы әртүрлі тұлғалардың денсаулығын, сыртқы ортаның түрлі жағдайларындағы спорттық біліктіліктерін дене шынықтыру және спорттық дайындық деңгейін (дене, техникалық, тактикалық, психалогиялық және функционалдық), дене тәрбиесі процестерін жоспарлауғ бақылау және басқару;
-дене жаттығулары мен оларды талдау барысында техникалық-тактикалық қимылдардың орындалуын көрсету, оқыту;
-психологиялық-педагогикалық және статистикалық зерттеу әдістерін қолдану;
-жасына, жынысына, спорттық біліктілік деңгейіне байланысты ағзаның физиологиялық мүмкіндігін мен ағзаға түсетін күштің сәойкестігіне талдау жасау;
-спорттық іріктеу, болжау, модельдеу және мониторингті қолдану бойынша дағдысы болуы тиіс;
-оқытумен, тәрбиелеумен, сауықтырумен және спорттық жаттығулармен байланысты дене шынықтыру мен спорт саласындағы инновациялық техзнологияларды қолдануда;
-ағзаның функционалдық, психологиялық, физикалық және бейімделу мүмкіндігіне дене тәрбиесінің құралдары мен әдістерінің әсері;
-дене және спорттық даярлығын оңтайландыру, сыртқы ортаның табиғи жағдайларын, психологиялық-педагогикалық, медициналық-биологиялық бақылауды тиімді пайдалану;
-жасы,жынысы, әртүрлі сыртқы орта жағдайындағы спорттық біліктері әртүрлі тұлғалардың денсаулығын спорттық даярлық деңгейін, жаттығу процесін ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау, басқару;
-ағзаның қосымша мүмкіндіктерін жетілдіру әдістері мен тәсілдерінде, жаттығушыдардың денсаулығына зиян келтірмей жоғары спорттық жетістіктерді жетуге бағытталған дене жұмысының қабілеттілігін оңтайландыруда:
Түйінді құзыреттерге:
-қалыптастырушы: педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктерімен дағдыларын меңгеру, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу, ізгілік және оптимизмге биім этикалық құндылықтар жолын ұстануы;
-жүйелеуші;синергетикалық,әлеуметтік,педагогикалық жүйелер (жүйелік тұрғы,педагогикадағы жүйелік принципі)саласындағы білімдерді меңгеру,психологиялық-педагогикалық білімдер бойынша іздені,формализациялау,құрылымдау және жүйелеу біліктері мен дағдыларын меңгеру,педагогикалық болмысты тұтас қабылдауға және жүйелі ойлауға қабілетті болуы;
-зерттеушілік;гносеология,әдіснама,педагогика және психология саласындағы білімдерді меңгеру,ақпараттарды басқару дағдыларымен біліктерінің болуы,психологиялық-педагогикалық диагностика,талдау және синтез негізінде кешенді маниторингті жүзеге асыру,педагогикалық ревлекцияға қабілетті болу,зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылуы;
Пәндік құзіреттерге:
-коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диолог ауқымындағы біліктерімен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көмэтникалы, көпконфессионалды, қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болуы;
-технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау,саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білуі;
-бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторнгті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру,өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға,әділдікк,ақиқатқа ұмтылуы;
Арнайы құзіреттерге:
-бағдарламалық:пәндік,психологиялық-педагоикалық және әдістемелік білімдер жүйесін нақты әлеуметтік педагогикалық жағдайды ескере отырып кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолданаталу біліктері мен дағдыоарын меңгеру, педагогтың кәсіби парызын ұғыну, педагогикалық қызмет нәтижесінде жауапкершілікпен қарауы;
-пәнаралық: педагогикалық интеграция теориясы саласындағы білімдері меңгеру, педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, әлеуметтік серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болуы;
-әлеуметтік: адам құқықтары ( білім беру мен баланы қорғау аясындағы халықаралық нормативті-құқықтық актілері мен Қазақстан Республикасының заңнамалары) саласындағы білімдерді меңгеру, бала құқығы мен мүддесін қорғау біліктері мен дағдыларын меңгеру, кәсіби абыройы мен педагог қадыр-қасиетін, сондай-ақ педагогикалық этика нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну, балалардың азаматтық құқықтарын құрметтеуі;
-дамытушы: заманауи педагогикалық антрошпология саласындағы білімдерді меңгеру, жоғары кәсіби педагогтардың іс- тәжірбиелерін оқып-білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгеру; педагогикалық қызметте жоғары мотивацияға ие болу, өз бетімен білім алуға және өзін-өзі тануға ұмтылуы;
-креативтік: шығармашылық қызметтің теориялық негіздері, шығармашылық психологиясы саласындағы білімдерді меңгеру, кәсіби қызметті қайта-қарау, білім берудегі авторлық жаңашылдық идеяларды іске асыру, стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру, сыни тұрғысыдан ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды генерациялауға қабілетті болуы;
-ұйымдастырушы-әдістемелік: оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімдерді меңгеру, ағымдық оқу-ұйымдастыру құжаттамаларын (дидактикалық, бақылау-өлшеу материалдары және т.б.) жетілдіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, жоғары орындаушылық тәртібі мен ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болуы жатады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ