Білім беру бағдарламалары

5В010600- Музыкалық білім мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты

• Таңдаған мамандық аясында білімін қалыптастыру үшін студентке Музыкалық білім саласында нақты білім негізін қалыптастыру;

• Студенттің пән бойынша және аймақ ерекшелігіне сәйкес білім, білік, дағдыны меңгеруін қамтамасыз ету.
Біліктілік және лауазымдар тізбесі
• 5В010600 – Музыкалық білім мамандығы бойынша жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруде қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 5В010600 – Музыкалық білім мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі және біліктілік беріледі.
• Біліктілік пен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25 қараша 2010 жылғы №385-ө бұйрығымен бекітілген «Басшылар, мамандар және басқа қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №388 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына» сәйкес анықталады.
Дайындақ бағыты бойынша білім беру бағдарламасын сипаттау
Білім беру бағдарламасының мамандық тобындағы орны
Білім беру бағдарламасы «Білім» тобына жатады.
Білім беру бағдарламасы бойынша күтілетін кәсіптік қызмет түрлері:
• Музыка пәнінің мұғалімі;
• Ғылыми зерттеу институттары мен зертханаларындағы ғылыми-зерттеу қызметкері;
• Пән әдіскері;
• Лаборант;
• Білім беру және біліктілікті арттыру мекемесінің қызметкері.
Мамандардың болашақ жұмысқа орналасуға мүмкін жерлері:
• Мектеп;
• Колледж;
• Гимназия;
• Ғылыми зерттеу институттары мен зертханалары;
Кәсіби қызметінің сипаттамасы
Кәсіби қызмет саласы
• 5В010600 - Музыкалық білім мамандығы бойынша түлектердің кәсіби қызметінің саласы болып орта, орта-кәсіптік білім беру орындары, білім мекемелері, ғылыми-зерттеу институттары болып табылады.
Кәсіби қызмет нысандары
• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары;
• Бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;
• Мамандандырылған мектептер;
• Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдар болып табылады.
Оқудың нәтижесіне студентте қалыптасатын құзіреттіліктер:
Әмбебеп (жалпы) құзіреттілік

  • Жалпы ғылыми (базалық білім аясында: музыка пәнін оқыту әдістемесі және педагогика ғылымдары)
  • Музыканы оқыту саласында алған білімдерін оқу үрдісінде қолдана білетіндігін көрсету;
  • Алған білімдері мен орындаушылық шеберліктерін кәсіптік деңгейде қолдану;
  • Музыкалық-теориялық және музыкалық тарихи пәндерден алған білімдерін негіздеп, қорытынды жасау және қорғау.
  • Инструментальді (компьютермен жұмыс істеуге дағдылану, ана тілінде ауызша және жазбаша коммуникация, шетел тілін білудің қажеттілігі)
  • Қолданбалы бағдарламаларды «музыкалық қобдиша» және мультимедиялық, ақпараттық-технологияларды қолдана алу;
  • Өз ойын дұрыс және жүйелі түрде үш тілде демонстрациялау қабілетін көрсету;

Пәндік мамандандырылған (кәсіптік) құзіреттілік
Жалпы кәсіптік (теориялық базалық білім, практикалық базалық білім) 

білуге міндетті:
• Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы, музыка пәнін оқыту әдістемесі курстарының негіздерін;
• Музыкалық теория, қазақ және әлемдік музыка тарихы негіздерін;
• Сольфеджио негізін;
• Гармония, полифония негіздерін;
• Музыкалық шығармаларды талдау негізін;
• Музыкалық психология негізін;
• Хор класы және хормен жұмыс жасау негіздерін;
• Негізгі музыкалық аспап және хорды дирижерлеу негіздерін.


5В010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруде қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі және біліктілік беріледі.

• Біліктілік пен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25 қараша 2010 жылғы № 385-ө бұйрығымен бекітілген «Басшылар, мамандар және басқа қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №388 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына» сәйкес анықталады.
Дайындақ бағыты бойынша білім беру бағдарламасын сипаттау
Білім беру бағдарламасының мамандық тобындағы орны
Білім беру бағдарламасы «Білім» тобына жатады.
Білім беру бағдарламасы бойынша күтілетін кәсіптік қызмет түрлері
• Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі;
• Педагог суретші, көркем безендіруші
• Фирмалар мен компаниялардағы өндірісті басқару;
• Пән әдіскері;
• Лаборант;
• Білім беру және біліктілікті арттыру мекемесінің қызметкері.
Мамандардың болашақ жұмысқа орналасуға мүмкін жерлері
• Мектеп;
• Колледж;
• Гимназия;
• Суретші шеберханаларында;
• Безендіру фирмаларында;
Кәсіби қызметінің сипаттамасы
Кәсіби қызмет саласы
Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.
Кәсіби қызмет нысандары
• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары;
• Бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;
• Мамандандырылған мектептер;
• Техникалық және кәсіптік, білім беретін ұйымдар болып табылады.
Кәсіби қызметінің түрлері
5В010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша бакалавр төмендегідей кәсіптік қызмет түрлерін атқара алады:
• Білім беру (әлеуметтік-педагогикалық, оқытушылық) білім берудің түрлі ұйымдарында сабақ беру қызметі болып табылады;
• Мәдени-ағарту дәрістер оқу, өнер жөнінде әңгіме өткізу, мұржай, галереяларға, сәулет ескерткіштері мен ұлттық мәдени жәдігерлерге экскурсиялар ұйымдастыру қызметі қамтылады;
• Өндірістік-көркемсурет интерьер, экстерьерді көркемдеу, өнеркәсіп орындарында, фирмада суретшілік, баспа орындарда кітап көркемдеушісі қызметтері болып табылады;
• Жобалау-дизайнерлік интерьер, экстерьер басқа да объектілердің дизайнерлік жобаларын жасау, қолданбалы және кәсіптік графика (орауыш этикет, марка, белгі, логотип, жарнама, буклеттер, пошта жиынтығы, т.б.) саласында жұмыс істеуге бағытталған;
• Ғылыми зерттеу және әдістемелік қызметі көркем педагогика, жеке адамның психологиялық дамуы, бейнелеу өнерінің жаңа әдістемелері мен оқыту мәселелерін, өнер бойынша жаңа білім мазмұнының түзілімін жасаудың өзекті мәселелерін шешуді қамтиды;
• Көркем-шығармашылық бейнелеу өнері мұғалімінің қызметі живопись, графика, мүсін өнері, қол өнері бойынша көркем шығармалар жасау болып табылады.
Пәндік мамандандырылған (кәсіптік) құзіреттілік
Жалпы кәсіптік (теориялық базалық білім, практикалық базалық білім)
Білуге міндетті:
• Бейнелеу өнерін оқыту курсының негізін;
• Өнер тарихы мен теориясы негізін;
• Академиялық сурет негізін;
• Академиялық кескіндеме негізін;
• Сызу негіздерін;
• Композиция негізін;
• Сәндік қолданбалы өнер негіздерін;
• Перспектива және сызба геометриясы негіздерін;
• Мүсін негіздерін;
• Адамның пластикалық анатомиясы негіздері;
• Қол өнер негіздері;
• Педагогикалық зерттеудің философиялық және методологиялық негізін;
• Адам өмірінің қауіпсіздігінің теориялық негізін.


5В010600-Музыкалық білім мамандығы бойынша білім бакалаврының біліктілік сипаттамасы

        Кәсіби қызмет түрлері

      5В010600 - Музыкалық білім мамандығы бойынша жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруде қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 5В010600 - Музыкалық білім мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі және (немесе) біліктілік беріледі.
      Біліктілік пен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25 қараша 2010 жылғы №385-ө бұйрығымен бекітілген «Басшылар, мамандар және басқа қызметкерлер лауазымдарынын біліктілік анықтамалығына» және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына» сәйкес анықталады.

           Кәсіби қызмет саласы

      5В010600 - Музыкалық білім мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.

           Кәсіби қызмет нысандары:

5В010600 -Музыкалық білім мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет нысандары:
- мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары;
- бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;
- мамандандырылған мектептер;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдар болып табылады.
           Кәсіби қызметтің пәні

        5В010600 -Музыкалық білім мамандығы бойынша білім бакалавры үшін кәсіптік қызметтің пәні – жалпы білім беретін мекемелердегі (мектептердегі, лицейлердегі, гимназиялардағы және т.б.) «Музыка» пәні, сыныптан тыс музыкалық-тәрбиелік, ұйымдастырушылық-насихаттау жұмыстары болып табылады.

           Кәсіби қызмет түрлері

5В010600 -Музыкалық білім мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет түрлері:
- білімдік: музыка сабақтарын және сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды өткізу, оқушылардың музыкалық дамуын педагогикалық бақылауға алу;
- ұйымдастыру басқару: музыка пәнінен дәріс беру процесінде оқу тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру; білім алушылардың қызығушылығына қарай сыныптан тыс музыкалық тәрбие және музыкалық үйірмелік жұмыстарды ұйымдастыру; түрлі типтік мекемелердегі жасөспірімдер мен балалар арасында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу;
- оқу технологиялық: тиімді білім беру технологияларын қолдану, оқушылармен музыкалық көркемдік жұмыстарды жүргізуде сынып жетекшісі, ұйымдастырушы, ағартушы, насихаттаушы қызметтерін атқару;
- жобалау: Музыка пәніне жылдық күнтізбелік және күнделікті сабақ жоспарын жоспарлай білу, республикадағы қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірі негізінде білім алушылармен сыныптан тыс музыкалық көркемдік жұмысты ұйымдастырудың жақын арадағы және болашақтағы жоспарын ұйымдастыру; жыл сайын біліктілікті арттырудың жеке жоспарын жобалау болып табылады.

      Кәсіби қызмет функциялары

      5В010600 - Музыкалық білім мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің функциялары: білім беру; тәрбиелеу; ағартушылық; ұйымдастырушылық; коммуникативтілік болып табылады.

Кәсіби қызметтің типтік міндеттері:

- музыкалық білім беру саласында толыққанды және сапалы кәсіптік біліммен, кәсіби құзыреттілікпен қамтамасыз етілуі;
- адам мен қоғамның өзара қарым-қатынасын реттейтін, сонымен қатар қоршаған ортаға деген қатынасын қалыптастыратын этикалық және құқықтық нормаларды, гуманитарлық мәдениетті меңгеруі;
- ойлау мәдениетін тәрбиелеу және өз жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыру, жаңа білім беру технологияларын меңгеруі;
- мектептегі музыкалық білім беру саласындағы кәсіптік құзіреттілікті қалыптастыру, педагогикалық қызметке дайындық жасау негізінде педагогикалық шеберліктің негіздерін меңгеруі;
- жастарды, жеткіншек пен балаларды жеке тұлғалық дамуына және әлеуметтендіруді толық қамтамасыз етудің әр түрлі тиімді педагогикалық технологияларды меңгеруі;
- студенттердің жеке білім бағдарламасын таңдай білуі;
- табысты игерген білім алушылардың білімдерін жоғары кәсіптік білім берудің келесі сатысы – магистратурада жалғастыруы тиіс.

            Кәсіби қызмет мазмұны

      5ВО10600 - Музыкалық білім мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің мазмұны: педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыру және басқару, білім алушылардың танымдық қызмет әдістерін белсенді меңгеру бағдары, білім берудің маңыздылығы, барлық білім беру процесінің білім алушы тұлғаға бағытталуы, оның өзін-өзі ашуына және өзі-өзі көрсете білу мүмкіндігіне жағдай жасау, түрлі педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың кәсіби бағдарына және өз бетімен білім алуына жағдай жасау, педагогикалық кызметті педагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс кұру, музыкалық білім берудің қазіргі талаптары және объективті заңдылықтары ескерілген жеке кәсіби қызметін жоспарлау болып табылады.

5В010600-Музыкалық білім мамандығы бойынша білім бакалаврының білім деңгейіне қойылатын талаптар
Бакалаврдың біліктілік сипаттамасын кешенді түрде үйлескен кәсіби және тұлғалық мәні бар қасиеттер құрайды, ол әр деңгейіндегі педагогикалық қызметтің құзіретгік дэрежесін айқындайды.
1-4 сыныптың музыка пәні мұғалімі:
Білуі тиіс
- бастауыш мектептің педагогикасы мен этнопедагогикасының әдіснамалық негіздері мен категориясын; алты жасар бала тұлғасының әлеуметтік қалыптасуы мен даму заңдылықтарын; кіші мектеп жасындағы балалардың анатомо-физиологиялық және музыкалық дамуының негізгі заңдылықтарын; бастауыш мектеп оқушы тұлғасының психикалық даму ерекшеліктерін;
- бастауыш мектепте оқытылатын «Музыка» пәнінің дәріс беру әдістемесінің негіздерін білуі тиіс;
- Музыка пәнінен дәріс берудің теориялық негіздерін; қазіргі даму кезеңіндегі бастауыш мектепте пәннен дәріс берудің міндеті мен мақсатын; Біліктілігі болуы тиіс
- оқуға үйрету, сабақта және сабақтан тыс уақытта дәріс алушылардың танымдық іс әрекеттерге қажеттілігін тудыру;
- бастауыш сынып оқушыларының жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкес музыкалық оқу - танымдық іс әрекетін ұйымдастыру;
- оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі технологияларын қолдану, сонымен қатар белсенді оқыту технологиялары бойынша біліктілігі болуы тиіс;
Дағдысы болу тиіс
- компютерлік сауаттылық, тіл және сөйлеуді дамыту, бастауыш мектеп жасындағы балалармен қарым-қатынасты ұйымдастыру, сын және шығармашылық тұрғысынан ойлай білу, бастауыш мектептің педагогикалық процесінде инновациялық технологияларды қолдану бойынша дағдысы болу тиіс;
Құзыретті болуы тиіс
- оқушылардың түйінді құзыреттерін қалыптастыру (жалпымәдени, оқу-танымдық, коммуникативтілік);
- бастауыш мектеп жасындағы балалардың музыкалық қабілеті мен қызығушылықтарын айқындау мен дамыту;
5-6 сыныптың музыка пәні мұгалімі білуі тиіс :
- психология мен педагогика, кәсіби білім саласындағы жаңа жетістіктерді;
- «Музыка» пәнінен дәріс берудің теориялық негіздері мен әдістемесін, оның кәсіби оқытуға дейінгі жүйедегі құрылымы мен мазмұнын, педагогикалық процеске қатысушылардың орны мен рөлін (мұғалім, оқушы, ата-ана);
- жақсылық, әділдік, ар, ождан, толеранттылық, окушы мәртебесін құрметтеуге, балалар мен өз мамандығына деген сүйіспешілікке негізделген жалпыадами және этномәдени құндылықтар мен нормаларын;
Біліктілігі болуы тиіс
- педагогикалық қызметте білікті пайдаланушы деңгейінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану (андатпалар, хаттар құрастыру, компьютерлік жинақтау әдістерін игеру, ақпаратты Интернетте сақтау және өңдеу, электрондық поштаны қолдана білу);
- өз пәні саласында инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана білу; оқу-тәрбие процесіне инновацияларды ендіру нәтижелерін талдау және бағалау; өзіндік педагогикалық технологияларды ендіру;
Дағдысы болу тиіс
- өзін-өзі басқару мен рефлекциялық дағдысы, сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі; педагогикалық мәселелерді саналы ұғыну, тұжырым жасай білу және шешімін табу;
Құзіретті болуы тиіс
шығармашылық және әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеуде.
5В010600-Музыкалық білім мамандығы бойынша білім бакалаврының құзыреттеріне қойылатын талаптар
Түйінді құзыреттерге:
- қалыптастырушы: педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу;
- жүйелеуші: синергетикалық, әлеуметтік, педагогикалық жүйелер саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық-психологиялық білімдер бойынша іздену;
- зерттеушілік: гносиология, әдіснама, педагогика және психология саласындағы білімдерді меңгеру, ақпараттарды басқару дағдылары мен біліктерінің болуы, психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді маниторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу, зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу;
Пәндік құзыреттерге:
- коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтникалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;
- технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу.
- бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау;
арнайы құзіреттерге:
- бағдарламалық: пәндік психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдер жүйесін, нақты әлеуметтік педагогикалық жағдайды ескере отырып кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларын меңгеру;
- пәнаралық: педагогикалық интеграция теориясы саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер саласындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, әлеуметтік серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болу;
- әлеуметтік: адам құқықтары, бала құқығы мен мүддесін қорғау біліктері мен дағдыларын меңгеру, кәсіби абырой мен педагог қадыр-қасиетін, сондай-ақ педагогикалық этика нормаларын сақтау.
- дамытушы: заманауи педагогикалық антропология саласындағы білімдерді меңгеру, жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып-білу, жинақтау, тарату және қолдана білу мен дағдыларын меңгеру; өз бетімен білім алуға және өзін-өзі тануға ұмтылу;


5В010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім бакалаврының біліктілік сипаттамасы

    5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруде қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі және (немесе) біліктілік беріледі.
    Біліктілік мен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25 қараша 2010 жылғы № 385 – ө бұйрығымен бекітілген «Басшылар, мамандар және басқа қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына» сәйкес анықталады.

       Кәсіби қызмет саласы
     5В010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.
      Кәсіби қызмет нысандары
      5В010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет нысандары:
- мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары;
- бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;
- мамандандырылған мектептер;
- техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдар болып табылады;

     Кәсіби қызметтің пәні
    5В010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет пәні бейнелеу өнері мен сызу бойынша білім беру процесі болып табылады.

     Кәсіби қызметінің түрі
5В010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет түрлері:
- білім беру (әлеуметтік-педагогикалық, оқытушылық) білім берудің түрлі ұйымдарында сабақ беру қызметі болып табылады;
- мәдени-ағарту дәрістер оқу, өнер жөнінде әңгіме өткізу, мұражай, галереяларға, сәулет ескерткіштері мен ұлттық мәдени жәдігерлерге экскурсиялар ұйымдастыру қызметі қамтылады;
- өндірістік-көркемсурет интерьер экстерьерді көркемдеу, өнеркәсіп орындарында, фирмада суретшілік, баспа орындарында кітап көркемдеушісі қызметтері болып табылады;
- ғылыми зерттеу және әдістемелік қызметі көркем педагогика, жеке адамның психологиялық дамуы, бейнелеу өнерінің жаңа әдістемелері мен оқыту мәселелерін, өнер бойынша жаңа білім мазмұнының түзілімін жасаудың өзекті мәселелерін шешуді қамтиды;
- көркем шығармашылық бейнелеу өнері мұғалімінің қызметі живопись, графика, мүсін өнері, қол өнері бойынша көркем шығармалар жасау болып табылады.
      Кәсіби қызмет функциялары

5В010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің функциялары:
- бейнелеу өнері шығармашылығы арқылы оқушылардың тұлғалық басқару-педагогикалық жүйесін іске асыру;
- бейнелеу өнері сабағында дара тұлғаларға бағытталған білім беру технологиялары негізінде оқыту прцесін үлгілеу;
- бейнелеу өнері құралдарымен оқушылардың танымдылық және коммуникативті қажеттіліктерін дамыту;
- білім берудегі жаңа идеялар мен технологияларды практикалық түрде негіздеу және іске асыру, ғылыми негіздеу болып табылады;

       Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
     5В010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің түріне сәйкес мынадай міндеттерді шешуі:
білімдік қызмет саласында:
- бейнелеу өнері және сызу бойынша сапалы және құнды кәсіби-педагогикалық білімді, кәсіби құзыреттілікті меңгеруі;
- оқушыларды көркемсуреттік шығармашылыққа бағдарлау, бейнелеу өнері және көркемсуреттік-педагогикалық бағытта білім алуы;
эксперименттік-зерттеу қызметі саласында:
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-білуі;
- педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізуі;
ұйымдастыру-басқару қызметі саласында:
- бейнелеу өнері және сызу бойынша білім беру мазмұнын әр түрлі деңгейде жоспарлауы;
әлеуметтік-педагогикалық қызмет саласында:
- көпмәдениетті тұлға қалыптастыруы;
оқу-тәрбиелік қызмет саласында:
- оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық процестің заңдары, заңдылықтары, принциптері, тәрбиелік механизмдеріне сәйкес іске асыруы;
- сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлауы;
- оқушылар ұжымымен, осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен, ата-аналармен байланыс орнатуы;
оқу-технологиялық қызмет саласында:
- білім беру процесіндегі атқаратын қызметін және мамандығын жаңа білім беру технологиясына сай толық меңгеруі тиіс.

       Кәсіби қызмет мазмұны
      5В010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің мазмұны: педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыру және басқару, білім алушылардың танымдық қызмет әдістерін белсенді меңгеру бағдары, білім берудің маңыздылығы, барлық білім беру процесінің білім алушы тұлғаға бағытталуы, оның өзін-өзі ашуына және өзін-өзі көрсете білу мүмкіндігіне жағдай жасау, түрлі педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың кәсіби бағдарына және өз бетімен білім алуына жағдай жасау, педагогикалық қызметті педагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс құру, бейнелеу өнері және сызу бойынша білім берудің қазіргі талаптары және обьективті заңдылықтары ескерілген жеке кәсіби қызметін жоспарлау.

5В010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім бакалаврының білім деңгейіне қойылатын талаптар:
Білім бакалавры:
- ғылыми, философиялық, діни, әлеуметтік, құқықтық, әлем бейнесі жөнінде; адам өмірінің мәні, міндеті мен мағынасы жөнінде;
- психологиялық-педагогикалық зерттеу пәні мен әдістемесі жөнінде, оқу мен тәрбие бірлігін қамтамасыз етуші педагогтің ролі жөнінде, педагогикалық процеске қатысушылар мен әр түрлі қызметтерді ұйымдастырушылар арасында жұмыс алмастыру;
- тарихи кезеңдердің өзара байланысындағы мәдени бөлім ретіндегі оқу пәні жөнінде, оқу пәндерінің негізінде жатқан ғылыми дамудың қисыны жөнінде;
- көркемдік іс әрекеттің тәсілдері мен нәтижелері және оны педагогикалық тәжірибеге кіргізудің әдістемесі жөнінде;
- өзара байланысты мәселелерді (көркемдік, әдістемелік, педагогикалық) шешуге бағытталған ғылыми-тәжірибелік зерттеу ретіндегі дипломдық жұмыс жөнінде;
- суретші-педагогтің болашақ кәсіби іс-әрекет обьектісі жөнінде;
Болуы тиіс:
- әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы негізгі ілімдерді және әр түрлі кәсіби әрі арнайы мамандыққа бейімделген іс-әрекетте осы ғылымдардың әдістемесін пайдалану принциптерін;
- оқушының физиологиялық жас ерекшеліктерін;
- адам денесінің анатомиялық құрылымы жүйесін, пропорциясын, қозғалыс тәсілін, адам тұлғасының пластикалық сипатын, түзілім мен пластиканың өзара байланысын;
- психологиялық-педагогикалық жүйенің даму тарихын; білім беру мен педагогикалық ғылымдардың даму перспективасын; психолгиялық-педагогикалық зерттеудің пәні мен әдістемесін;
- пәндердің әдістемелік негіздерін (сызу, перспектива, өнер тарихы, живопись, сурет, пластикалық анатомия, мүсін өнері, т.б.), қоршаған болмысты тану әдістемесінің ерекшеліктерін, көркемдік іс-әрекет тәсілдерін;
- көркем стильдердің тарихы мен теориясы және мамандық пәндеріне оқыту әдісін;
Білуі тиіс:
- әр түрлі көркемдік жүйенің даму тарихы мен теориясы бойынша білімін өзінің бейнелеу шығармашылығы мен педагогикалық іс-әрекетінде пайдалана білуі;
- мамандық пәндері бойынша өзінің көркем-педагогикалық шеберлік деңгейін жетілдіру;
- мамандық пәндері бойынша аяқталған көркем шығарма жасауда нұсқадан, жадынан және елестету арқылы бейнелеумен шұғылдану барысында теориялық білімін пайдалану;
Білікті болуы тиіс:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін (қазақ) және орыс тілін, шет тілінің біреуінің лексикалық минимумын;
- графикаға, мүсін өнеріне, көркемдік түзілімін құруға, суретке, живопиське, сәндік өнерге тән қайта жаңғырту, түсіндіру және шығармашылық даму деңгейіндегі іс-әрекет тәсілдерін;
- бейнелеу өнері саласында оқушылардың көркем-шығармашылық қабілетін, эстетикалық көзқарасын, пайымдау және баға беруін дамыту әдістемесі бойынша дағдылары болуы тиіс.
Түйінді құзыреттерге:
- педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу;
- қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтникалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ